Әлемде ерекше күндер көп, бірақ солардың ішінде рухани байлық пен білімнің қайнар көзі саналатын кітапқа арналған күн – 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні ретінде атап өтіледі.
«Ер Сайын» – қазақ халқының батырлық жырларының қатарына жататын эпостық туынды. Бұл жыр батырдың ерлігі мен халықты жаудан қорғау жолындағы күресін баяндайды.
«Қамбар батыр» – қазақтың батырлық жырларының ішіндегі ең көне және ең танымал эпостарының бірі. Бұл жырда батырдың ерлігі, елін - жерін қорғаудағы қаһармандық істері, әділетсіздікпен күресі, махаббат пен адалдықтың ұлы құндылығы суреттеледі.
«Ер Тарғын» – қазақ халқының батырлық эпосы. Бұл жыр халықтың жаугершілік замандағы ерлік дәстүрін, елін - жерін қорғаған батырлардың батылдығы мен қайсарлығын бейнелейді.
«Алпамыс батыр» – қазақ халық ауыз әдебиетінің аса құнды мұраларының бірі. Бұл жыр батырлық эпос жанрына жатады және халықтың жаугершілік заманындағы ерлік күресін, батырлардың елін қорғаудағы қажыр - қайратын бейнелейді.
Мұражай – еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. ҚазҰУ 6 мұражай бар. Соның ішінде Орталық Азияда жалғыз болып есептелетін - Қазақстанның палеолит мұражайы