Сабақтың тақырыбы: Тоқтар - тұңғыш ғарышкер.( Е Өтетілеуов)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
Тәрбиелілігі: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар, флипчарт, тірек схемалар, т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық жұмыс, т. б.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам - туысым, досым жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу ұлағат.
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.
Оқушыларды топқа бөлу:
1 - топ «Ай»
2 - топ «Күн»
3 - топ «Жұлдыз»
«Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу
1 - топ
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
2 - топ
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)
3 - топ
Құстан аумайды,
Көкте зулайды.( Ұшақ )
- Ендеше, балалар Ғарыш кемесіне мініп, аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Планеталардың тапсырмасын орындаймыз.
Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ішіндегі ең кішісі. Бұл планетаны ергежейлі планета деп атап кеткен екен.
ІІ. Үйге берілген тапсырмаларды тиянақтау.
- Жаңа сабақ мазмұнын жоспар бойынша айту, алды - ала іздену.
1. Аспан денелері туралы білетіндерін айту.
2. Ғарышкерлер туралы не білеміз?
Алтынай
1. Ай - Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі.
Кәрімбек
2. Күн - қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.
Ақбар
3. Жұлдыз - өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелерінің бірі
-«Жер» тобына сұрақ: - Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Қазақ ғарышкерлерінің есімдерін ата?
Алтынай
1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т - 13″ ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.
Айдын
Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды.
Рамазан
1991 ж қазанның 10 – да Жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі 7 күн, 22 сағ 13 мин Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
Ізбасар
Техника ғылым докторы, профессор. Кеңес одағының батыры.
Ақбар
Сонымен Тоқтар ағаның ізін басқан яғни ғарышқа ұшқан ғарышкер Талғат Мұсабаев. Жыл сайын 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын барша Қазақстандықтар тойлайды.
Уран - Урандағы 1 жыл Жердегі 84 жылдай уақытқа созылады екен.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабағымызда Е. Өтетілеуовтың «Тоқтар - тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз.
Өтетілеуұлы Ермек — 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады.
Аида
Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
Роза
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.
Армат
Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген.
Томирис
Ұлты қазақ. Білімі жоғары. техника ғылымдарының докторы, профессор. 1965 - 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштардың жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.
Кәрімбек
1991ж қазанның 2 - де зерттеулік ғарышпен Александр Волков және Австралия ғарышкері Франц Фибон Союз ТМ - 13 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир»орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
Марс - Аңырақай
Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз деп те атайды. Қазіргі зерттеулер бойынша Аңырақайдағы жыл Жердегіден екі еседей ұзақ.
Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Әрбір шумақтың мағынасын ашу.
Меркурий - Болпан
Күнге ең жақын планета. Оны бақылау өте қиын. Радио – бақылау көмегімен оның өте баяу айналатынын анықтаған.
Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп.
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа.
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.
Шолпан
Бұл планетаны тұтасқан ақ бұлт қоршап жатқандықтан оны бақылау қиын екен.
Сөздік жұмыс
Құрық - асау жылқыны ұстау үшін пайдаланатын, ұшында ілмегі бар ұзын сырық.
Бұғалық - асау атты ұстауға арналған мықты қыл арқан.
Тұңғыш - ең алғашқы, бірінші.
Сатурн - Қоңырқай
Оны айнала қоршаған сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатады екен.
Тест
1. Ғарышқа ұшудың мақсаты не?
а) аспанды саяхаттап айналып келу
ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын білу
б) әр ғарышкер өзінің батыр, мықты екенін көрсету
2. Ғарыш алаңы қалай аталады?
а) Астана
ә) Байқоңыр
б) Арал
3. Тоқтар ағаның ізін басқан ғарышкер кім?
а) Талғат
ә) Гагарин
б) Фибон
4. Ғарышкерлер мейрамы қашан тойланады?
а) 22 наурыз
ә) 9 мамыр
б) 12 сәуір
5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
а) 1962 жыл
ә) 1991 жыл
б) 1992 жыл
Тест жауабы
1. ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын білу
2. ә) Байқоңыр
3. а) Талғат
4. б) 12 сәуір
5. ә) 1991 жыл
Нептун
Бұл планета ғалымдардың меңзеген тұсынан 1846 жылы телескоптың көмегімен табылды.
Венн диаграммасы
Ғарышқа ұшу мен ұшаққа отырып ұшудың айырмашылығы:
«Юпитер - Есекқырған»
Ол көлемі бойынша Жерден 11 есе, ал салмағы жағынан 300 есе үлкен планета.
Сұхбат сұрақ жазу
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ағамызға қандай сұрақ қояр едіңіздер?
- Оқушы сұрақтарын оқу.
- Сүйікті журналдары «Айгөлекке» өз сауалдарын жолдау.
«Ай»
Жердің ең жақын аспан денесі. Ай – Жердің табиғи серігі. 1966 жылы алғашқы ғарыш кемесі Айға қонды.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өз ғарыш кемелерінің суретін салып, оған ат қояды.
Жұмыстарын қорғайды.
Жер
Жер - Күн жүйесіндегі өмір бар, тіршілік бар жалғыз планета.
8. Үйге тапсырма беру:
1. Өздеріңе ұнаған өлең шумағын жаттау.
2. Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығару. Кері қайту
Бағалау парағымен оқушы жұмысын бағалау және топқа баға беру.
Ү. Бағалау.
Тоқтар-тұңғыш ғарышкер
- Нуршат
- 12 сәуір 2021
- 54049
- 0
- 100
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, Тоқтар - тұңғыш ғарышкер
Ұқсас жаңалықтар:
12 Сәуір - Ғарыш күні презентация
Ғарышкер ит – Лайка. Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі....12 - сәуір ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс...Ғарышқа жол ашу
Білімділігі: Ғарышты игеру деген ұғымымен танысу. ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген...Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру
Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...Ғарышкерлер көктемі
Мақсаты: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.