Шетелдіктерге ұлттық ойындары таныстырылды
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінде пәнінің оқытушылар Г. Машинбаева, М. Ешимов, Р. Дүйсенбаева, Г. Мұсаева бірлесе ұйымдастырған «Қазақтың ұлттық ойындары» атты тәрбиелік іс - шарасына ПГ - 16, ПГ - 17 ПГ - 18 топта оқитын шетелдіктер қатысты. «Тілді білсең, елді білесің»деген пкірмен үндес шетелдіктерге тіл оқытуда, ұлттың мәдениеті қоса таныстырылады. Тәрбие іс - шарасында тіл үйренушілерге ұлттық ойындарымыздың түрлері слайд көмегімен таныстырылды.
Аталаған іс - шарада 18 - топтың куратор - эдвайзері Г. А. Машинбаева тыңдаушыларды қазақ халқының жастар арасында, үй ішінде ойналатын ойындарымен таныстырып өтті. Онда ұмыт бола бастап, қазірге кезде қайта жаңғыртылып келе жатқан ойындар «Орамал тастамақ», «Бес тас» ойындары, сыртта аулада ойналатын «Асық», «Арқан тарту» және ерекше ойлауды талап ететін «Тоғызқұмалақ» ойындары туралы мәліметтер беріп өтті. Келесі кезекте оқытушылар М. Ешимов, Г. Мұсаева Р. Дүйсенбаевалар ұлтымыздың ат үстінде ойналатын ойындарын жан - жақты таныстырып өтті. Ат үстінде ойналатын ойындардың шарты бойынша жігіттеріміздің ат құлағында ойнайтын мықты болуы, білекті, епті болуы шарт екендігін естіген шетелдік тыңдаушылар ұлттық ойындарымызға асқан қызығушылық танытты. Халқымыздың «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Көкпар» «Теңге ілу» ойындары арқылы қазақ халқының төрт түлік малдың ішінде жылқы малына деген сүйіспеншілігі, оны «Ер қанаты – ат» деп бағалауы туралы айтылған мәліметтер шетелдіктер үшін тың ақпарат болды.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
аға оқытушы Г. А. Машинбаева
Шетелдіктерге ұлттық ойындары таныстырылды
- ramuk_b
- 26 наурыз 2026
- 14
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұлттық ойындар, ұлттық ойындар мен салт дәстүрден мағлұмат беру
Ұқсас жаңалықтар:

Ұлттық ойындар туралы ұнамды шара
Еліміздегі іргелі оқу орны Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінде жыл сайын шетелдік азаматтар келіп, қазақ және орыс...
XXV Қысқы Олимпиада ойындары
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің...
Студенттердің ғылыми конференциясы өтті
Бүгін әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Фараби әлемі» атты халықаралық студенттер мен жас...
«Тіршілік көзін» үнемдеу туралы тақырып тарқатылды
Универститетте оқитын студенттерге сапалы білім берумен қатар, түрлі бағытта тәрбие беру оқытудың басты принциптері болып табылады....
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың Шетелдіктерге арналған тілдік және жалпы б ...
2025 жылдың желтоқсан айында Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дайындық факультетінде жұмыс істейтін Шетелдіктерге арналған тілдік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.