Сыныбы: 4.
Пәні: Дүниетану.
Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.»
Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның тұңғыш ғарышері туралы білуге үйрету. Жердің жасанды серігі туралы түсінік беру.
ә) оқушы бойындағы қызығушылықты арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, сөздік қорларын дамыту.
б) оқушылардың ғарыштық әлемге қызығушылығын ояту арқылы патриоттық тәрбие беру.
Түрі: танымдық сабақ.
Көрнекілік: плакат, глобус, слайдтар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық даярлық
Білім сыры көп екен, Осының бәрін үйретер,
Меңгеруді қалайды. Дүниетану сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Үй тапсырмасын «Күн жарық пен жылу көзі» сұрау:
ә) Сұрақтарға жауап алу.
1. Күн дегеніміз не?(бізге ең жақын жұлдыз)
2. Ғарыштық денелерге не жатады?( Күн, Ай. Жер.)
3. Күннің жердегі тіршілік үшін маңызы қандай? (жарық пен жылу береді)
4. Адамдар күн қуатын қалай пайдаланады?(электр энергиясын өндіруге, түрлі сырқаттарды емдеуге, астық пен түрлі жеміс - жидектерді кептіруге, т. б.)
5. Бақбақты неге «күн гүлі» деп атайды?(аспанды бұлт торласа, бақбақ жоқ боп кетеді).
ІІІ. Жаңа сабақ: - ғаламшарлар туралы не білеміз?
Топтастыру:
Жер шолпан
марс
меркурий
нептун сатурн
уран юпитер
«Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру»слайдтар арқылы түсіндіру.
Ғарыш адамның қызығушылығын ерте оятты. Ең алғаш рет ғарышқа Лайка атты ит ұшырылды. Адам ғарышқа ұшқанға дейін аспан әлеміне тәжірибе жасау мақсатында 9 ит ұшырылды.
Содан соң Жердің жасанды серігі алғаш рет 1957 жылы 4 қазанда ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин ғарыш кемесімен жерді айналып шықты. Ол ғарыштан жерді 108 минут бақылады. Содан бері бұл күн тарихқа «Ғарышкерлер күні» болып енді. Осы ғарышкерлердің ғарышқа ұшатын ғарыш айлағы біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналған. Ю. А. Гагариннен кейін ғарышқа әйел адам В. Терешкова 1963ж. ұшты. Ғарышкерлердің ғарышта космос корабльінде тамақтары арнайы тюбиктерде сақталады. Ғарыш кеңістігінде салмақсыздық болады. Ғарышкерлердің ұшу үшін киетін арнайы киімі - скафандр деп аталады.
1991 жылы Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Одан соң Талғат Мұсабаев 1993 жылы ұшты. (слайдтан көрсету).
Ай - жердің жасанды серігі. Айға ғарыш аппараттары ұшырылып, ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Американдық астронавттар Армстронг пен Олдрин Айға барып қонды. Ғалымдар тек жерде ғана тіршілік бар деп болжам жасады.
ІҮ. Ойын «Марсқа ұшу».
Жұмбақтар шешу.
1. Бір тілім болып туады,
Күннен күнге толады,
Дөп - дөңгелек болады. (Ай)
2. Көк жиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым кең керіп. (Аспан)
3. Басшысы жалғыз,
Сақшысы сан жүз. (Ай мен жұлдыз)
4. әдемі түнде, мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)
5. Үй үстінде ұсақ тас.(жұлдыз)
6. Қарындасы қонаққа,
Ағасын іздеп келгенде.
Ағасы қашып кетеді,
Үйден шығып бір жерге.(күн мен ай).
7. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. (аспан мен жер).
Ү. Дәптермен жұмыс: «Мен ғарышкер болсам...» деген ойтолғау жазу.
Ой толғауларын оқыту.
ҮІ. Бекіту: «Ғарыш әлемінде» ойыны.
1. Ғарышқа алғаш ұшқан кім, ол қашан ұшты?
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
3. Ғарыш айлағы қайда орналасқан?
4. Жердің серігі не?
5. Жердің алғашқы серігі қашан ұшырылды?
ҮІІ. Қорытындылау, бағалау.
Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру
- mmm
- 20 сәуір 2015
- 10597
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дүниетанудан ашық сабақ, ғарышқа ұшу, ғарышты игеру
Ұқсас жаңалықтар:
12 Сәуір - Ғарыш күні презентация
Ғарышкер ит – Лайка. Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі....12 - сәуір ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс...Ғарышқа жол ашу
Білімділігі: Ғарышты игеру деген ұғымымен танысу. ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген...Тоқтар-тұңғыш ғарышкер
Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға,...Жер кіндігі-Байқоңыр
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Жер...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.