Білім саласы: Таным
Бөлімі: Экология негізі
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тұрмыс - тіршілігімен танысу, көркем сөздермен сөздік қорын молайту.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сергіту жаттығулары, көрсету, әңгімелеу, дидактикалық ойындар
Көрнекілік:. Табиғат бұрышы, құстардың суреттері, мүсіні, әр - түрлі тірі құстар.
Қостілдік компонент: птицы - құстар, қарлығаш - ласточка, қараторғай - скворец, беркут - бүркіт, попугай - тоты құс, павлин - тауыс т. б.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандырушы оятушы
- Балалар, бізге қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесейік.- Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса
Сәлем саған Жер Ана!
Сәлем саған Нұрлы Күн!
Аман есен болайық
Табиғатты қорғайық!
Шеңбер құрып, қозғалады.
Сәлеметсізбе!
Ұйымдастыру ізденушілік
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде қанша ай бар? Олар қалай аталады?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктем туралы кім тақпақ біледі?
Құстардың дауысы естіледі.
- Балалар бұл кімнің дауысы?
- Балалар, бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз.
1 - сәуір десе, ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
Балалар, біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
Құстар немен коректенеді?
Құстар туралы қандай ертегілерді білесіңдер? Құстар қайда мекендейді?
Құстар деген сөзді үш тілде айтайық: құстар - птицы - birds
Тосын сәт. /қолындағы рогаткасы бар Даулет келеді/
- Балақай сенің атың кім? Қолындағы не?
- Мен, Даулетпін. Қолымдағы рогаткамен құстарды атайын деп едім.
- Балалар, құстарды атуға бола ма?
- Даулет, көрдің бе, біздің балалар дұрыс айтады. Ал сенің әрекетің дұрыс емес. Қазір сен біздің оқу - іс әрекетіміздің барысында бұған көзіңді жеткізесің.
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?/слайд көрсету/
Д/о Құстарды ата, құстар туралы мәлімет беру.
Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса, екіншілері – құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
- Балалар құстар бір - біріне немен ұқсайды? Құстардың денесін не жауып тұрады?
Құстар не арқылы көбейеді?
Іс - тәжірибе өткізу.
Қажетті құралдар: қағаз, су, қауырсын, сумайы. Мақсаты - балаларға құстардың жүні неліктен суланбайтын зерттеу.
Д/о«Құстарды топқа бөл» Қыстайтын және жыл құстарын атау
Ел арасында құстарға қарап ауа - райын болжаған.
Қазақ халқы сұлу қыздарын аққуға, ер жігіт - батырларын - бүркітке, әншілерін - бұлбұлға теңеген.
Ал балалар, сендерді аналарын қалай атайды еркелетіп?
Қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Құстар туралы көп мағлұмат жинадық
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып, ұшып алайық
Сауысқан болып секіріп
Торғай болып қонайық.
д/о «Кімнің дауысы»
Д/о «Не артық?»
д/о «Ұясын тап»
Д/о«Экологиялық бағдаршам»
- Даулет, көрдің бе, біздің балалар құстар туралы көп біледі. Оларды қорғайды, ал сен болсаң бұзақылық жасайсың.
Даулет:
- Кешіріңдер балалар, мен енді құстарды атпаймын, бұзақы болмаймын.
- Балалар Даулетті кешіреміз бе?
Құрметті, балалар және қонақтар бүгінгі «Құстар біздің досымыз» атты ашық оқу - іс әрекетімізді «Көктем келді құстар келді» әнімен аяқтаймыз.
- көктем
Наурыз, сәуір, мамыр
балалардың жауаптары
Қызыл тал2
қызыл талда бүршік бар
бүршігін сол жарғаны
көктем келіп қалғаны
Құстардың дауысы
Жыл құстары туралы тақпақтар айтылады:
Құстар келсе көктемде
Қуанамыз, қолдаймыз
Ұя жасап, деп-демде
Біз оларды қорғаймыз
Жыл құстары келді деп,
Бала біткен мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды.
ұя, жемсалғыш жасаймыз
дәндермен, жәндік, құрт - құмырсқа,
Тырна мен түлкі, шұбар тауық, ұсқынсыз балапан, бұлбұл мен раушангүл, айлакер қарға, қос құйрықты қарлығаш
құстар - птицы - birds
- жоқ, құстар біздің досымыз
- Қарға, сауысқан, қарлығаш, торғай, т. б
Құстар туралы тақпақтар айтылады
- Қарғалар, торғайлар, көгершіндер
- Тырналар, қарлығаштар, аққулар т. б.
- Құстар ағаштарды құрт - құмырсқалардан тазартады.
- Құстың денесін мамық жүн мен қауырсындары жауып тұрады.
- жүнімен, қанатымен, құйрығымен, тұмсығымен, жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды
жұмыртқа арқылы көбейеді.
қарға, торғай, сауысқан, көгершін,
жыл құстары - ұзақ, қараторғай, қарлығаш, тырна, аққу, қаз т. б Бозторғай ән салса - күн ашық болады Торғай шаңға аунаса - жаңбыр жауады. Қарлығаш төмен ұшса күн бұзылады
Менің анам көгершінім
менің анам қарлығашым
менің анам балапаным
менің анам аққуым
менің анам бұлбұлым дейді
Құстың ұясын бұзба
Құсқа тас лақтырма
Құстың жұмыртқасын жарма
дауысын тыңдап құсты атайды
Сурет бойынша анықтайды
құстарды ұяларына орналастыру
балалар қара, ақ түсті қолдарды көтереді./жаман - жақсы/
- Иә
Балалар топпен ән айтады
Рефлексивті - түзетуші
Қорытындылау: «Біз не білдік?»
Балалар, бізге қонаққа кім келді?
Даулеттің іс - әрекеті дұрыс па?
Құстар қандай 2 топқа бөлінеді?
Құстың негізгі баспанасы?
Қай құста мүлде ұя болмайды?
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
Қандай құс хат тасушы деп атанған?
Марапаттау
Құстардың адамға жасайтын жақсылығы көп. Табиғатта да маңызы зор.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: жыл құстарын және олардың атауларын
Қандай түсініктерді игерді: құстарға қамқор жасау, табиғатты қорғау
Құстар біздің досымыз
- aitkenowa
- 26 наурыз 2024
- 21002
- 0
- 100
Ілмек сөздер: ашық сабақ балабақша, құстар біздің досымыз, 1 сәуір құстар күні
Ұқсас жаңалықтар:
Құстар. 1-сынып
Сабақ негізделген мақсаты: • Құстар туралы түсінік беру • Құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету. • Құстар пайдасы туралы ақпарат, мағлұмат беру....Құстардың көктемгі тіршілігі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы № 41 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Дусенбаева Рауза Ареновна...Жыл құстары
Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелейді: Күннің суытып, жәндіктердің көпшігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына...Құстарды қарсы алайық
№4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы...Құстар – біздің досымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.