Сайтқа кіру Тіркелу

Онлайн дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері» атты профессор - оқытушылар құрамының 51 - ші университеттік ғылыми - әдістемелік конференциясы аясында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі: интеграция және үйлестіру мәселелері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік студенттерге арналған «Тіл - біздің тұтастығымыз» атты іс - шараны онлайн өткізді.

Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта – шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы дәстүрге айналған «Ашық есік күнін» ерекше сән - салтанатпен атап өтті.

Әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс тілдерін оқитын шетелдік студенттерді тілдік ортаға бейімдеу» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Артқа 1 2 3 Алға
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×