«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік студенттерге арналған «Тіл - біздің тұтастығымыз» атты іс - шараны онлайн өткізді.
Кафедраның озық тәжірбиелі оқытушылары үш тұғырлы тілдің мәнін шетелдік студенттерге онлайн жүйесінде бейнеконференция режимінде түсіндіріп, бейнежазбалар, танымдық тапсырмалар, тілдің құдіреттілігіне байланысты музыкалық шығармалар ұсынды.
Онлайн жүйесінде өткізілген іс - шаралардың жалпы мақсаты – шетелдік студенттердің мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуіне, тілдің әлеуметтік - коммуникативтік қызметін кеңейтуге, тіл байлығын дамытуға байланысты қолдау көрсету, ынталандыру, тіл туралы білімін жандандыру және кеңейту, тілдерге сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
Іс - шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Түркия, Жапония және басқа да елдерден шетелдік студенттер онлайн түрінде қатысты.
Іс - шара барысында сөз алған шетелдік студенттер өз өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тілі мен мәдениетіне қарамастан барлық ұлттардың қызығушылығын біріктіретін, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін Қазақстанның саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті. Сонымен қатар, бұл мейрам Қазақстанда өмір сүретін 130 - ға жуық ұлттардың құқықтарының шектелмегендігінің жарқын көрінісі екендігін, сондай - ақ, әр тілдің басқа тілдермен байланысты өз тарихы мен өз тағдыры болатынын, тіл арқылы адамдар басқа ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін және де бір - бірін түсінетіні жайлы өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Т. В. Курманова сөз алып, баяндамасымен таныстырды. Ол өз баяндамасында жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күні ҚР Үкіметі қаулысымен биылдан бастап 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгенін, себебі, 5 қыркүйек – қазақ тілінің білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы, Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екендігін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүретінін, олардың әрқайсысының ана тілінің басқа халықтар тіліне қатысты тағдыры бар екенін, тіл арқылы адамдар бір - бірін танып біле алатынын және кез - келген халықтың рухани мәдениетімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысу үшін де тілге жүгінетінін, бұл мереке елімізде 5 қыркүйек күні тойланатынын атап айтты.
«Тіл - біздің тұтастығымыз» атты мемлекеттік мерекесіне арналған танымдық іс - шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен онлайн жүйесінде жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасындағы барлық ұлттардың достығына өз үлесін қосты деп санауға болады.
А. Е. Саденова., Ұ. Е. Мұсабекова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы
«Тіл - біздің тұтастығымыз»
- ramuk_b
- 4 қазан 2020
- 1258
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл - біздің тұтастығымыз, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, онлайн іс-шара
Ұқсас жаңалықтар:
Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...Мерейлі кафедраға 35 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.