Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері» атты профессор - оқытушылар құрамының 51 - ші университеттік ғылыми - әдістемелік конференциясы аясында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі: интеграция және үйлестіру мәселелері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың қазіргі жайын, болашағын және оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін талқылау, пікір алмасу, кәсіби қолдау көрсету.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ғылыми - әдістемелік базасы дамып, қасиетті қара шаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатып келе жатқанына да 35 жылдан асты. Бұл кафедра шетелдік жастарға тіл меңгертіп, тәрбиелеуде өте жоғары маңызға ие. Шетелдік азаматтарды қалай оқыту керек, студент бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, нені үйретуді басты назарға ұстаған жөн деген сияқты сауалдарына жауап беретін бірден бір орта. Ұзақ жылдар бойы кафедрада педагогика саласында білікті мамандар даярлап, республикалық, әлемдік деңгейде ғалымдар қалыптастырды.
Дөңгелек үстел барысында шетелдік студенттердің тілдік дайындықтарын оңтайландыру, шетелдік тыңдаушылардың сөйлеуін дамытудағы икемділік пен дағдыларын жетілдіру жолдары және қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудағы халықаралық аудиториядағы халықаралық коммуникация, шетелдік аудиторияда тыңдалымға оқыту, оқылымға оқыту технологиясы, халықаралық мәдениет парадигмасындағы коммуникацияның рөлі жайлы мәселелер талқыланды.
Келесі кезекте шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Р. И. Дүйсенбаева, А. С. Айтпаева, А. С. Казмагамбетовалардың және басқа да қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Онда қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде шетелдік тіл үйренушілерге оқытудың тиімді жақтары, осы бағытта дайындалған жаңа инновациялық технологияларды қолданудың, кәсіби бағдарлық оқытудың жүзеге асу жолдары сөз болды.
Бұл дөңгелек үстел көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды.
Барлық дөңгелек үстелге қатысушылар рет - ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Дөңгелек үстел барысында өзекті де ауқымды мәселе талқыланып, мамандар ой - пікір алмасты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Онлайн дөңгелек үстел өтті
- ramuk_b
- 22 наурыз 2021
- 1160
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Онлайн дөңгелек үстел
Ұқсас жаңалықтар:
35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...Мерейлі кафедраға 35 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...Әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.