Сайтқа кіру Тіркелу

Мерейлі университет

Мерейлі университет
Студенттік өмір әр адамның өміріндегі қиыншылығымен, қызықтылығымен есте қалатын кезеңдердің бірі. Төрт жылың төрт күн секілді көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Әр адам өзінің мамандығын және сол мамандағына орай тиісті білім алу үшін жақсы білім ордасын таңдауы қажет. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, менің назарым әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады. Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани - тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие.

Ең алғаш универге түсетін сәтімде өте қобалжыдым, студенттік өмірден не күтетінімді білмедім. Университеттегі алғашқы күнім туралы айтатын болсам, жүздеген мен қатарлас студенттер тобы, бәрі бір - бірін танымайды, аң - таң болып жүргені рас. Біздің университет көптеген факультеттер мен құрылымдардан, кафедралардан тұрады. Алғашқы күндері аудиторияларды іздеп университет ішінде шарқ ұрасың. Алғашқы күні топтарға бөлініп, өз куратормен, топ старостасымен танысқан күн. Келесі күндері мектепте оқытылмаған жаңа пәндермен, жаңа оқытушы - профессорлармен танысып, жаңа оқу жоспарымен білім алуды бастадық. Қыркүйек айының соңына қарай университеттегі Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жоғары деңгейде «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі салтанатты түрде атап өтті. Түрлі студенттік клубтар кешті жандандырды, кеш соңында эстрада жұлдыздары ән шырқады. Соңында фейерверк пен жас студенттер өздері би биледі. Міне, бұл мен үшін ең алғашқы студенттік өмірімнің 3 айында болған айшықты оқиғаның бірі болып есте қалған кеш еді. Әрине, әлі де алда қызықты күндер күтіп тұрғанына сенімім мол!

ҚазҰУ ЭжБЖМ 1курс студенті Салтанат Айдана

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ – менің мақтанышым

ҚазҰУ – менің мақтанышым

Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс...
Менің студенттік өмірім

Менің студенттік өмірім

Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақыты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ....
Мерейлі университет

Мерейлі университет

Студенттік өмір әр адамның өміріндегі қиыншылығымен, қызықтылығымен есте қалатын кезеңдердің бірі. Төрт жылың төрт күн секілді көзді ашып жұмғанша...
ҚазҰУ – менің мақтанышым

ҚазҰУ – менің мақтанышым

Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс...
Менің студенттік өмірім

Менің студенттік өмірім

Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақы-ты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ. Күн сайын жаңа нәрсені...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×