Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын.
Суық күз сұрғылт, Сұрланып аспан,-күн жауған. Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан. Көтеріп алып, Өтетін едік сулардан, Қызғалдақ-қызды жаңадан ғана бүр жарған.