Тағы, міне, қоштастым бір күніммен,
Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен.
Тоқтатып кер толассыз қозғалысты,
Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен.
Айлар, жылдар, ғасырлар алға аттаған,
Алға аттады күнім де ардақтаған.
Мынау жарық әлеммен бірге айналып,
Заулап барам, бір күні аунап қалам.
Аунап қалам...
Білемін, білемін мен!
Ажыраймын жармасқан тірегімнен.
Қүлай білем,
Себебі, жүре білгем,
Құсым ұшса болғаны жүрегімнен.
Бір құсым бар кеудемде-зынданымда,
Бірге туған менімен, туғанымда.
Байғұсыма бостандық берсем болды,
Аунап кетпей әзірге тұрғанымда.
Бір күніммен қоштастым
- ramuk_b
- 3 қаңтар 2019
- 1275
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бір күніммен қоштастым, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай....Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым? Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға, Оралдың ба, сүйіктім,...Уақыт туралы мақал-мәтелдер
Жыл деген ат басын бұрғанша, Ай деген аунап тұрғанша. Заман айнасы — замандас....Білесің бе?
БІЛЕСІҢ БЕ?! Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге, Сезімге ыстық қолым енді жеткенде Тәңірдің тартқан тәтті сыйы Ащы мұңға айналарын білгем бе?!...Ақсуым – ару қалам, асқақтаған
Ақсу қаласы, Үштерек ауылының орта мектебінің 9-қазақ сынып оқушысы Төлеуқызы Мадина Өзімнің жүрегімнен жарып шыққан бұл өлеңді өзімнің туған жерім -...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.