Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан.
Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын.