Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?
Өмір жайлы
- ramuk_b
- 23 ақпан 2019
- 2474
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өмір жайлы, Өмір жайлы өлеңі, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қасірет
Әнау әже неменеге жылап жүр, Шашын жұлып, бетін неге тырнап жүр? Өкпеліме келгеніне өмірге, Не жазыпты жазғырардай мына өмір?!...Секілді өмір қысқа, жарты тұтам
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам. Аз өмірді ақындық жолға бердім, Лепес қып түкірген соң молда Мұқан,...Мен өмірді қалаймын!
Салауатты өмір салтын ұстайық Есірткімен күресті біз бастайық Сананы улап, құртатұғын өмірді Нашақорлық, есірткі - бұл қастандық...Нашақорлыққа жол жоқ
Нашақорлық өмірлерді жалмады, Әр сағаты тәулік, минутқа жалғады. Өмірін құртып, ажалы келіп тұрса да, Сол нышаны әр күн сайын қоймады....Жұмбақтар. (дене мүшелері жайлы)
Жұмбақтар (дене мүшелері жайлы) Қанша ғұмыр кешеді, Сонша ғұмыр өседі. (Шаш)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.