Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі
Жамандық көрсең менің қабағымнан,
Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Шұғыла боп содан соң ашыл-дағы,
Бұлтымды таста серпіп басымдағы.
Дамылсыз кірпігімді қаққанымда,
Ойымның ойнақтап жүр шатқалында.
Жүрегім бол деп, сені зорламайын,
Мәңгілік тұтқында ұстап қорламайын.
Қарашығым бол-дағы дамылдағын,
Қашанда жанарымнан табыл, жаным.
Жанарым, жанарымнан кетпе менің,
Сезімім сенсіз менің текке өледі...
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр!
Жанарым
- ramuk_b
- 8 ақпан 2019
- 2511
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жанарым, Жанарым өлеңі, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Дос болам десең
Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын....
Менің кішкентай күнім
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,...
Өзіңменен жүрегім егіз менің
Қасаңсып кеткен кезімде қайрақ тастардай қашалған, кездесіп, сендік сезімге, көзіме балқып жас алғам! Жас алғам - жаным жасарған, көктемгі жердей қан...
Кетер ме екем
Бірде олай ауытқып, бірде былай, Бір байламға келе алмай жүргенім-ай. Таулы аймақтың ауасы секілденген, Аумалы да төкпелі күндерім-ай!...
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.