Әскерге әке ұлын аттандырды.
Сәт сапар тіледі жұрт, мақтан қылды
Ел ішіне сүйкімді, мақтаулы ұлды,
Жасама деп жат қылық сақтандырды
Жаңадан отау тігіп, ірге құрап,
Қалыпты жас семья гүлденіп-ақ.
...Анасы жол жабдығын әзірлеуде,
Қуанып, бірде күліп, бірде жылап.
Қоштасып ағалары, құрбылары,
Қош айтып ауыл-аймақ тұрды бәрі.
Қош бол! -деп алыс сағым бұлдырады
Естіліп бұлақтардың сыңғыр әні.
Бәрі де қоштасуда...
Бірақ бір жан,
Бата алмай қоштасуға жылап тұрған.
Жолығып жол бойында қырат-қырдан,
- Қош бол! -деп орамалын лақтырған
Болашақ солдат оны байқамады,
Қыз қылығын тағы да қайталады...
...Жасыма, махаббатың қайтар әлі
Оның да сен боларсың айтар әні.
Қоштасу
- ramuk_b
- 3 қаңтар 2019
- 1437
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қоштасу, Қоштасу өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Мұқағали Мақатаев
Ұқсас жаңалықтар:

Ай неге жалаңаш қалды
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі....
Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен....
Жылау туралы ұлағатты сөздер
Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ. Әзілхан Нұршайықов...
Кетер ме екем
Бірде олай ауытқып, бірде былай, Бір байламға келе алмай жүргенім-ай. Таулы аймақтың ауасы секілденген, Аумалы да төкпелі күндерім-ай!...
Жетпіс жұмбақ №6 Абдрахман Асылбек
Бір сусын бар жұртымда, Ішсең – уыз ұртыңда. Бәрі содан шығады: Ірімшік, май, құртың да. (Сүт)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.