Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
Әке
- ramuk_b
- 28 желтоқсан 2018
- 1790
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әке, Әке өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Мұқағали Мақатаев
Ұқсас жаңалықтар:
Рухани жаңғыру
Халықпыз ежелден-ақ өр мінезді, Жаңғырудың енді міне келді кезі. Шын қолдап Елбасының саясатын, Күн санап жаңғыруда елдің өзі....Ғашықпын
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!...Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып....Соқ, жүрек, солқылда, ми
Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет, Мен бір жаққа асығамын......«Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі –Мұқағали»
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мақсұтбай Индира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.