Суық күз сұрғылт,
Сұрланып аспан,-күн жауған.
Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан.
Көтеріп алып,
Өтетін едік сулардан,
Қызғалдақ-қызды жаңадан ғана бүр жарған.
Бүр жарған жері,
Бұлтиып қана батқанда,
Мойнымызды қолаң шашымеы жапқанда.
Оттықтан ұшқын шашырап кетіп ақ қауға,
Өртенуші едік,
Өртеген сол бір шақтарда.
Қылша мойынды
Қытықтап қыздың білегі,
Тыңдайтын еді жүрегіңді кеп жүрегі.
Қыздын, күлкісі,
Судың сылдыры, гүл, егін,
Келмеске кеткен күндерім түске кіреді.
Ғұмыры бірге,
Тағдыры бірге, бірге арман,
Қайда кеттіңдер,
Қызғалдақтар-ау, бүр жарған?!
Жалғыз аттанып бара жатырмын қырманнан,
Расында да, жалған екен-ау,
Бұл жалған...
Суық күз сұрғылт
- ramuk_b
- 10 желтоқсан 2018
- 1325
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Суық күз сұрғылт, Суық күз сұрғылт өлеңі, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қоштасу
Қош бол, досым, жақыным! Уақыт тығыз, сөз қысқа. Кетіп бара жатырмын Сұрапыл бір соғысқа....Қыс келген күні
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, қар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар-асқар таулардай, Қыс жетіпті тонын теріс аударған....Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нәрсе жоқ - Түнде бар да күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ - Күндіз бар да түнде жоқ....Жол үстінде
Ақмырзаның баласы, Ежелден едік сырдесте. Атым арық, қарашы, Амалым жоқ мінбеске....Күндестік құрысын!
Қандай рақат! Жүрейік, достар, күнде өстіп. Ренжу деген, Ренжу деген - білместік....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.