Егін салдым,
Мал бақтым,
Тас қаладым
Сағынам да,
Жұртты да басқарамын.
Жалығам да
Жабырқап пәс қаламын,
Жырды бірақ,
Жырды мен тастамадым,
Жырдан бөлек қалмады басқа амалым.
Аласартты тағдырым биіктетті -
Бәрі өткінші.
Қуаныш, күйік те өтті.
Екіталай кезенде еңсем бұққан,
Күйсандыққа саусағым тиіп кетті.
Күйсандықтан күңіреніп үн шығады,
Күй аңсаған қу көңіл тыншығады.
Қарғып шығып кетердей аласұрып,
Тұтқын жүрек кеудемде түншығады!
Егін салдым
- ramuk_b
- 11 қаңтар 2019
- 1008
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Егін салдым, Егін салдым өлеңі, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қырда
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп, Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп. Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп....Арнау
Осы бір тебіренген арнау жырда Толғанды тұнық жатқан арманым да. Боз інген айрылғанда ботасынан, Күйші де күңіреніп қалмады ма?...Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай....Өзімді жүрегіңнің есі қылдың
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың, бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым. Өзіңді мен де оңаша қиялдадым, жаным деп жүрегімнен күй арнадым....Арқалық батыр
Ел еді егіз жатқан керей, найман, Шығады сөз болмаса мизан қайдан. Қазақтың хан билеген заманында Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған. Батырға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.