Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...
Шеше, сен бақыттысың
- ramuk_b
- 30 қаңтар 2019
- 4508
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шеше, сен бақыттысың, Шеше, сен бақыттысың өлеңі, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір....Туған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?...Мен қазіргі заман педагогімін (Эссе)
Сәби күлкісі... Сыңғырлаған жүрегі... жүрегі, жаны таза... мұңсыз... қуанышты... албырт бала күлкісі... Сенің күлкің қандай пәк еді?! Иә... сен...Әлемді тербеткен - АНА
Мерекелік кештің басты мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананың өлшеусіз еңбегін бағалау, қастерлей білуге тәрбиелеу....«Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі –Мұқағали»
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мақсұтбай Индира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.