Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша орыстың көмегімен қашқанын мың алғыс білдіре отырып айтатын.
Қазір Абай ауылы Қызылқайнар деген жерде қоныстап отыр. Қарабатыр, Әнет, Торғай мен Топайдан талай ауыл көршілес қонған. Үй ішінде Абай мен Әбіш оңаша сөйлесіп отыр.
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен (Дәркембайдың інісі), Ербол және Баймағамбеттер келе жатты.
Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп алған Құнанбайдың бөлтіріктері жайлы ел шуы.
Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады. Медреседегі оқуын еске ала отырып, парсы және араб тілдерінде жазылған кітаптарды күні - түні оқиды. Ол өз кітаптарын тауыса салып, Ғабитханның кітаптарына тиіседі.
Құнанбай елі бұрын күздеуден бір қар жаудырмай, көшпейтін еді. Бұл жыл ол маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған аталас елдерге көші - қонның жөн - жосығын айтпай, күземді елден ерекше ерте алды.