Кек жолында
Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша орыстың көмегімен қашқанын мың алғыс білдіре отырып айтатын. Арада Абай Әйгерімге «Татьянаның әнін» айтқызады. Одан бөлек, Дәрменнің «Еңлік - Кебек» дастанын біраз бастап қойғаны бар екен. Домбыраны қолына алып, соны жырлай жөнелді. Басталуы Еңліктің сұлу келбетін баяндайды. Хан тауының баурайындағы ауылдың бойы, Ықанның қызы. Дәрменнің дастаны Еңлік пен Кебектің ең алғашқы кездескен жерінде тоқтады. Үй іші барлығы даурыға, түрлері өзгеріп кетті. Базаралы қайтарда Абайға өткендегі Әзімбайдың қылығын тағы да есіне салдырып кетті. Сосын Базаралы өзінің қарт досы Дәркембайға жолығуға жол алды. Олар ашық әңгімелесті. Бірде Дәркембай Құнанбай өлтірткен Қодардың немере інісін ертіп алып, Меккеге жол алып бара жатқан Құнанбайдан жетім баланың несібесін сұраған болатын. Кейін ол баланы өз інісі перзентсіз жүрген Көркембайға берген екен. Көркембай қайтыс болғаннан кейін баланы Дәркембай өзі асырап, кейіннен Абайдың қолына тапсырыпты. Сол баланың ержетіп қалғанын, оның аты Дәрмен екенін айтады. Дәркембай соңғы кездері ешкіммен осылай ашылып сөйлеспеген еді.
Күзектің сұрқыл суығы. Бүгінде Уақ жеріндегі Қашама күзегінде Тәкежан ауылы орын тепкен. Абай, Ербол, Дәрмен, үшеуі, осы ауылға келіп түсті. Абай Тәкежанға екі жұмыспен келген болатын. Біріншісі, осыдан он бес күн бұрын Семейтаудан ұрланған бір айғыр үйір. Артынан іздеп шыққан жоқшылар ұрыны Тәкежанның ауылындағы Серікбай деп отыр екен. Екіншісі, Әзімбай мен Жігітектің жеті ауылы арасындағы қыстық шөптің дауы еді. Тәкежан Абайдың бұл айтқан екі дауын да мойындамады. Сөз барысында екеуі қатты айтысып та қалысты. Абай Тәкежанның осы ісіне ашуланып, сол жерде өлең шығарады:
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
«Ерте барсам, жерімді жеп қоям» деп,
Ықтырмамен күздеуде отырар бай! – деді де, күліп жібереді. Тәкежан мына өлеңді жойып тастауын ақырып айтады. Абай тағы да күлді де, өлеңді қаламмен өшіріп тастады.
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21
- ramuk_b
- 3 қараша 2019
- 5962
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Абай жолы романынан үзінді, Абай жолы романының қысқа мазмұны
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №25
Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын»...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №23
Дәл Тәкежанның жылқысын шапқан күні Ақшоқыда Абай іні - достарымен Лермонтовтың «Вадим» және «Демон» дастандарын талқылап жатты....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15
Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №8
17 жаста Абай әке атанады. Ділдәдан үлкен баласы Ақылбек туды. Бір жыл өте кейінгі қызы Күлбадан дүниеге келеді. Бұл кездері Абай өзін әке сезініп...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.