Қақтығыста
Күз түсіп қалған. Биыл жатақтың алпыстай үйі Тайлақбай құдығының маңында егін еккен. Егіншілер арасында Базаралы, Абылғазы және Дәркембайлар бар. Ең үлкені Дәркембай бидай жақсылап піссін деп орақ салғызбай отыр. Күнде егін ішінде Асан, Үсен мен Рахымдай кішкене балалар піскен бидайларды теріп, үйіне алып барады да қуырып жейді екен. Егіннен қайтқан Асандар жолда бөтен бір арбаларды көреді. Олар орыстар екен. Асандар оларды ертіп ауылға келеді. Екі ел тілдері өзгеше болса да, жақсы ұғынысқандай шырай танытты. Орыстардың үш ер жігіттерін ымдап түсіндіру арқылы Базаралының үйіне ертіп алып барады. Себебі, Базаралы орысша жақсы білетін. Орыс жігіттердің үлкені Афанасьич есімді кісі екен. Оны қазақтар Апанас деп атап кетті. Қалғандары Федор, Сергей есімді жігіттер болып шықты. Олар Россияның Пенза деген жерінен Жетісудағы Лепсі, Қапал деген жерлерге кетіп бара жатқандарын айтты. Оларды бұл бағытқа салған – сол жоқшылық екен. Жолдан біраз адасыпты. Содан көмек сұрап еді, Қаңбақ: «Өзім сендерді жеткізіп саламын», – деді. Олар риза болып, ертең аттануға бел буды. Ал сол күні Ырғызбайдың жылқылары жақын маңда жүрген болатын. Жылқыларды жылқышылармен бірге қағып жүрген Ақбердінің Мұсатайы, Майбасардың Ахметжаны, Өсердің Мақасы және Әзімбайдың өзі болатын. Олар егінде Базаралының да үлесі барын біліп, мыңдай жылқыны түнде бидайға салып жібереді. Ерте тұрып аттанбақ болған Қаңбақ егінді көріп айқай салады. Бар - жоғынан айрылған кедейлер қарғыс айтып, жылай түсті. Базаралының айтуымен егіннің есесі үшін отыз жылқы ұстап әкелінді.
Мұны көрген Әзімбай қырық атты жылқышыларды жинап, тіке шабуылға шығады. Кедейлер де дес беріспей айқасады. Базаралының белі ауырып орнынан тұра алмаса да, жорғалап шығып ұрандатып тұрды. Айқасты көрген орыстар қолына ілінгендерін алады да кедейлерді жақтап, айқасқа қосылады. Соңыра Әзімбайлар шегіне кетті. Ал отыз жылқы әзірге кедейлердің қолында қалып қойды. Болған ел бүлігін көп өтпей Абай да есітеді. Әбіш әкесінің қасына кіріп, қажет болса, айқасу керектігін де айтады. Егіннің ойрандалуы жайлы, елге шабуыл жайлы Апанас пен Базаралы портава (арыз) жазып, қалаға жөнеледі. Ертесі күні орыстар Жетісуға бет алады. Сол күні түске жақын жатаққа Ақберді келіп, жылқыны тас түгел қайтаруын, әйтпесе, ертең Ырғызбай жиналып қарсы келетінін айтып кетеді. Бұл сөзді Абай есітіп, жан - жақтағы бүкіл ауылдарға адам шаптырып, сойыл және шоқпарларымен атқа мініп, жатаққа немесе Абай ауылына жиналу керектігін айттырады. Ертесі күні қалың ел, кедей халық қатты ызамен жиналып тұрған. Ырғызбайдан да жүз елу шақты атты келе жатқан еді. Алда Тәкежан, Ысқақ пен Шұбарлар келеді. Абай тағы жүз жігітті артына ілестіріп, жатаққа қосылады. Ырғызбай жігіттері қолдың көбейе түскенін көріп, қатты іркіле, тіпті қорқа бастайды. Кейін айқасқа да барғылары келмей қалады. Екі арадағы бітімді жасау үшін үш - үш адамнан алға шығысты. Жатақтан Абай, Дәрмен және Дәркембай шықса, қарсы жақтан Ысқақ, Ақберді және Шұбар (Абайдың інілері) келді. Бітім кешке дейін созылды. Ақыры дау болып жатқан отыз жылқы кедейлердің ендігі қыстық асы болып қалатын болып шешім қабылданды. Жиналған сойылды, шоқпарлы жігіттер үн - түнсіз қайтып кетті.
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №28
- ramuk_b
- 9 мам 2018
- 3693
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай жолы романынан үзінді, Абай жолы романының қысқа мазмұны
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №25
Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын»...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №22
Алғашқы қар жауып, ел қыстауларына көше бастады. Тәкежан жинатып қойған майяларды Дәркембайлар тасымақ болып еді, Тәкежан ауылы үстіне кеп қонады....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21
Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20
Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын"...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16
Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.