Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №3

Назарларыңызға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұнын ұсынамыз.

Қат - қабатта

Құнанбай елі бұрын күздеуден бір қар жаудырмай, көшпейтін еді. Бұл жыл ол маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған аталас елдерге көші - қонның жөн - жосығын айтпай, күземді елден ерекше ерте алды.

Күздеуден жіті көшіп отырып, Құнанбай ауылдары Қызылшоқы, Қыдыр мен Көлқайнарға жетеді. Құнанбай қасына Майбасарды ертіп алып, Шыңғысқа бет алды. Кешке қарай ол үлкен бәйбішесі Күнкенің ауылына кеп түседі. Мұнда бүгін сыбаға алып келген әйел қонақтар көп екен. Үй ішінде Құнанбайдың тоқал шешесі Таңшолпан, Ақбердінің шешесі, кәрі жеңгесі Бөпей, Жұман, Жортар және Ырсайдың шешелері бар екен. Бұлардың көпшілігі Ырғызбайдың және Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар еді. Ертеңіне Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті. Беттегені – Шыңғыстың жуан ортасы. Алты күннен соң Құнанбай ауылы көшкен жолмен тағы бір мол көш келе жатты. Бұл – Бөкенші мен Барсақ көші. Көш басында Сүйіндік, Сүгір және Жексен келеді. Бұлардың қыстауларын Құнанбай ауылы толығымен мекендепті. Жексендер ашуланып, ел шаппақшы да болады. Бірақ Құнанбайға дәті бармайды. Құнанбай алдынан шығып, оларға құр қысыр төбе - қоныстарды береді. Олар оған көнбей, сонда орнығып алады.

Құнанбай жорға Жұмабайды Сүйіндік пен Сүгірлерге жіберіп: «Ана Қарауыл, Балпаң, Талшоқы, Шалқар бойынан таңдаған қоныстарын алсын. Мұнда көпке мұрындақ болмай, тез барып орнықсын», - деген. Сүйіндік пен Сүгір көш - қонын ойлап, қыбырлай бастап еді, Барсақтан шыққан Дәркембай оларды тоқтатады. Соңыра Сүгір, Дәркембай, Түсіп, Жексен және Сүйіндіктің қатысуымен қара шаруа жиыны болады. Жиын бір түбірге келеді де, ел наразылығын Құнанбайға жеткізуге Түсіпті жіберетін болады. Сол күні Түсіп барып, айтқанына Құнанбай ашуланып: «Біздің ел де наразы, Бөбең мен Кішекең елдегі Керей, Уақ, Сыбан малдарын үнемі ұрлап отырады. Сен де одан шет емессің. Бәрің жазықтысың, арамсың. Алысқысы келсе, кіріссін. Сөзімді тегіс жеткіз», – деді де екеуі екі айырылып кетті.

Майбасардың екі атшабары Қамысбай мен Жұмағұл Үркімбай, Қаумен, Қараша ауылдарына келіп, Керей мен Уақтан ұрланған елу қойды қайтаруын талап етеді. Соңсоң Қараша Байдалымен ақылдасуға атқа мініп кетеді. Шай қайнатым уақыт өтпей атшабарлар Байдалы мен оның ұры атанған жігітіне кеп арылдай түседі. Аздай арада атшабарларды қанға бояп, қуып салады. Жан сауғалап қашқан Қамысбай мен Жұмағұл Қарашоқыдағы Құнанбайдың ауылына тіке жол тартады. Құнанбайдың қасында Байсал, Майбасар, Құлыншақтың батыр ұлдарынан Наданбай, Манас, Ырғызбайдан – Жұман, Төлепберді тағы да басқа үй толы жігіттер екен. Құнанбай жағдайды есіткен соң барлық жігіттерді жинап алып, Үркімбайды ұстап келуді бұйырады. Олар лезде Үркімбай ауылындағы ер басының бәрін сабалайды да, оның өзін артқа байлап қайтады. Оқыста қарсы алдарынан Қараша 40 - 50 жігітпен шыға келеді. Қолдарында өңшең шоқпар мен сойыл. Айқаста Жігітек қолы басым келіп, Үркімбайды алып қалады. Үркімбайды ала алмаған Құнанбайдың қолы амалсыз қашып кетеді.

Қызылшоқыдағы Бөкенші әлі де көшпей отыр. Бірінші қар түседі. Құнанбай Майбасарға он шақты жігіт қосып, Талшоқы мен Қарауылға Бөкеншіні көшіруді бұйырады. Бөкеншілер еріксіз тартып кетеді. Құнанбай бір - екі күнде ешкімге білдірмей, қалың қол жинайды. Ол Көтібақ руындағы Байсалға ата қонысы Тобықтыны Бөжейден тартып алып бермекші еді. Сол себепті, ат күшіне мінген қалың топ Бөжей ауылына беттейді. Осы кезде Жігітек руының ірілері Бөжейде отырған екен. Бірақ қолындағы жігіттері азшылық. Құнанбай кенеттен басып, бәрін тұтқындады. Шетінен ақсақал, қарасақалдарға дүре соқтырады. Кезек Бөжейге келгенде, ал оны Қамысбай ұра бергенде, Көтібақтың Пұшарбайы өз денесімен Бөжейді жауып қалады. Себебі, бұл екеуі бұрыннан дос болатын. Құнанбай ашуға мініп, екеуін де жазалауды бұйырады. Содан кейін, оған Байсал да қарсы шыға келеді. Құнанбай сонда да айтқанынан қайтпай тұрғанда Байсал лезде өзінің рулас жігіттерін бөліп алады. Дүрелердің соңы көрінген соң Құнанбай Байсалдан басқа қалған қолымен Қарашоқыға қайта жөнеледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №9

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №9

Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №6

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №6

Күн түске жетпей - ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кететін. Абай, Оспан, Смағұл және басқа балалар Бақанас суына шомылып жатыр. Қастарына Тәкежан...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №5

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №5

Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады. Медреседегі оқуын еске ала отырып, парсы және араб тілдерінде жазылған кітаптарды күні - түні оқиды. Ол өз...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №2

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №2

Қодар баласы Құтжан өлген соң келіні Қамқа екеуі біраз қайғырды. Ел ішіне араласпай да қойды. Малдары да шағын. Мал қарауға мүрдесі жоқ Қодар, ауыл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×