Торауда
Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп алған Құнанбайдың бөлтіріктері жайлы ел шуы. Тобықтының төртінші болысы Мұқырдың орнына Құнанбайдың күйеуі Дүтбай сайланған. Абайдың қасында Ербол, Баймағанбет, Шәке, Ақылбай, Шеркес (Қазақбай), Мамайдан шыққан Мамырқаздар (Ақылбайдың досы) бар. Сиязға бүкіл төрт арыстан (Тобықты, Керей, Сыбан, Уақ) болыстар, қалың халық жиналыпты. Абайлар Оспан тіккізген үйге қонады. Семейдің оязы Лосовский Абайды жақсы танығандықтан, ең алғаш Абайды шақыртады. Абай оның қасына барып амандасып, бірге шәй ішіп отырады.
Лосовский Көкбай Жанатаев деген жігіттің атынан өтірік арыз түскенін айтады. Оны сол жердің болысы Дүтбай Алатаев айқындаған көрінеді. Кейін сұрауға Жанатаевты шақырады. Өзі қалада мұсылманша оқыған Жанатаев әдеппен амандасады. Арызын сұрағанда, ол: «Бір жағымда Мамай, бір жағымда Олжай, жердің бәрі соларда. Біз болсақ, Бақанас өзенінің бойында отырған жүз үйдей ауылымыз ине шанышқандай жерде отырамыз. Таршылық, кемшілік», - дейді. Лосовский тыңдап болып, Абайдан мін сұрайды. Абай жігіттің ел қиынын сұрайтынын, өзі оқуға құмар екенін айтады да, Жанатаевты өзіне кепілдікке беруін сұрайды. Лосовский оны жөн көріп, мақұлдайды. Ал тыста тұрған болыстар арасында Абай мен ояздың аса жақындығы жайлы сөз шұбырар еді. Абай Лосовскиймен көп әңгімелесіп, кеш түскенде Көкбайды ертіп Оспанның үйіне барады.
Кейінгі күні асықпай тұрып, түс ауа жиын жаққа шығады. Жетер жерде Абай мен Асылбекті Тәкежан шақырады. Тобықты үлкендерінің домалақ үстел жиыны болып жатқан екен. Басты мәселе - төбе биді сайлау. Сонда Абай төбе биді Ырғызбай ішінен емес, Бөкеншіден Асылбекті сайлауға ұсынады. Оны бәрі жөн көріп, солай шешіледі. Кейін көп өтпей жиын тарап кетеді. Кешке жақын Дәркембай мен Дәндібай келіп қалады. Абай оларды ертіп, Тәкежанға беттейді. Ол кезде Тәкежан, Майбасар, Шұбар, Ысқақ және тағы басқа үлкен жастағы шалдар жиналып, Абайдың істегенін қаралап отыр екен. Абай келді де Тәкежан, Ысқақ және Шұбарды айтып, төте жерге кетеді. Әңгіме былтырғы егін, биылғы аттар жайлы болып, үш болыстан жиырма бұзаулы сиыр мен он атты Дәркембайларға үш күнде жинап беруін Абай қатты айтады. Абай Лосовскиймен жақсы қарым - қатынаста болғандықтан, болыстар шарасыз көнеді.
Абай айтқандай үш күн дегенде бәрі жиналады. Енді Абай екі қартқа Баймағанбетті қосып, малдарды айдап кетеді. Сияздағы тағы бір мәселе Салиқа кыз туралы еді. Бұл дау Керей мен Найман арасында болатын. Керейден шыққан Қалдыбайдың қызы Салиқа Найманның Байгөбек деген жігітіне атастырылған болатын. Қалың мал төленіп қойылғаннан кейін Байгөбек өмірден озыпты. Салиқаның әмеңгері, Байгөбектің ағасы болған Сабатар екі қатыны бар, өзі алпысты алқымдап қалған шал болатын. Үлкен қауым осы дауды Абай шешуін сұрады. Абай Жиренше мен Оразбайды өзіне көмекші етіп алып, бір жұмы барысында істі жүргізеді. Тексеру барысында Қалдыбай қызы үшін Сабатардан тағы да қалың мал алынып қойылғаны белгілі болады. Абай соңында қалың малдың қайтарылуын, сосын Салиқаның үйіне қайтуын байлады. Ел бұл байлауға риза болады. Найманның ірісі Жұмақан да кек ұстамайды. Себебі Жұмақанның әкесі Қисық Құнанбаймен жақын дос болған. Қисық соңғы күндерінде Құнанбайға құда болуды ұсынған екен. Құнанбай да бұған қарсылық етпей, немересі Ақылбайды (Абайдың баласы) Жұмақанның бойжеткен қызына тең көріпті.
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16
- ramuk_b
- 1 мам 2018
- 3031
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай жолы романынан үзінді, Абай жолы романының қысқа мазмұны
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20
Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын"...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15
Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13
Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10
Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №8
17 жаста Абай әке атанады. Ділдәдан үлкен баласы Ақылбек туды. Бір жыл өте кейінгі қызы Күлбадан дүниеге келеді. Бұл кездері Абай өзін әке сезініп...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.