Бабына келген жүйрік байлаулы тұрғанда шекесінен қарап, кербезденіп оқыранып тұрады. Діңгекке әкеліп жалғыз өзін байлағанда шыр айналып, ұзаққа қарап, елеңдеп, қарауылдап саңлақтанады.
Жүйрік баптаудың ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – іш тарттыру. Бұны ауызекі тілде: ішін қатыру, ішін жарату, ішін буу, т. б. (өңірлік ерекшеліктерге байланысты) атай береді.
Қара жарыстың, яғни, жаратудың дұрыс - бұрыстығын аттың теріне қарап анықтайды. Аттың терін алу – ат баптаудың басты шарттарына жататын аса маңызды дүние.
– Сандықта жатқан ақ мата үнемі Құдайдан «Иә, Алла, мына шаңыраққа береке бер, үй иелерінің өмір жасын ұзақ қыл. Мені қара жердің астында көміліп қалудан сақта», – деп, дұға етіп тұрады. Соның себебінен үй иелеріне мезгілсіз қаза жетпейді. Ақ шытты сақтайтын сырым сол, – депті.
Қазақта жыл басы, күн мен түн теңелетін күн – Наурыздың 22 - сінен басталатыны белгілі. Ал бір жылда 12 айдың болатындығы, әр айда орта есеппен 30 күннен болып, жыл аяғында, айлардан тыс, 5 күн қосылып, ол күндерді «бес қонақ» деп атайтынымызды бұған дейін де айтқанбыз.
Байлаулы тұрған жүйрік жұлдызға қарап, киіз үйдің белдеуінен басын жоғары ұстап, басы уық пен керегенің қосылатын жерінен асып тұрады. Мамағашқа, болмаса киіз үйдің белдеуіе байлағанда келе жатқан адамға доғаша иіліп тұрады.