Ертеңгі күнге сенімсіздік жайлаған кезеңде «Қайталанған заң» идеологиясы адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы екі билеушісі елді қасақана апатқа ұшыратып, иосия патша өзгерістер жасауға тез әрі құлшыныспен кірісті.
Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен - өзі болып, қалың уайым теңізіне батады.
– Сандықта жатқан ақ мата үнемі Құдайдан «Иә, Алла, мына шаңыраққа береке бер, үй иелерінің өмір жасын ұзақ қыл. Мені қара жердің астында көміліп қалудан сақта», – деп, дұға етіп тұрады. Соның себебінен үй иелеріне мезгілсіз қаза жетпейді. Ақ шытты сақтайтын сырым сол, – депті.
Қазақта жыл басы, күн мен түн теңелетін күн – Наурыздың 22 - сінен басталатыны белгілі. Ал бір жылда 12 айдың болатындығы, әр айда орта есеппен 30 күннен болып, жыл аяғында, айлардан тыс, 5 күн қосылып, ол күндерді «бес қонақ» деп атайтынымызды бұған дейін де айтқанбыз.
«Махаббат философиясы» - араб - парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты жырлау әдебиет пен өнерде демократияның, еркін ойдың өрісі болды.
Өміртай жасы ұлғайған сайын ой омбысына түсіп, қиял шылбырын шумақтай алмайтын әдетті тапқан. Ұзақ ғұмырында басынан кешкен ыстық - суықты безбенге салып сараптап, көп отыратын.
«Ағыбай батыр» - тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802-1885) ерлік істерін баяндайды.