«Мен елімінің жас патриотымын» Ауған соғысының ардагерімен кездесу кешінің сценарийі.
Жүргізуші: 11 - сынып оқушысы
Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен,
Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен.
Думанды ауыл, саялы қалаларда,
Сыйласып бір - бірімен күні өткен.
Досы келсе бәрін де қонақ еткен,
Жауы шапса бас игізіп тізерлеткен.
Бабасына сиынып тағзым еткен,
Жаны - таза, қаны - таза, қазақ екен.
- Саламатсыздар ма қадірлі қонақтар! Ұстаздар! Оқушылар! Бүгін «Мен елімнің жас патриотымын» атты ауған соғысының ардагерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер
- Көркем сөз «Мәңгілік ел» - оқитын 9 - сынып оқушысы.
Жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйетін патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі мектептің басты міндеті. Мектеп білім ошағы. Тәрбие ордасы, жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Қай елде патриоттық тәрбие көрсеткіштері жоғары болса, сол елде саяси тұрақтылық пен экономиканың қарыштап өрістейтіні белгілі. Елімізде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бүгінгі күннің өткір мәселесі.
- 15 ақпан Ауған Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні.-
«Ауған соғысының ақиқаты туралы» оқушылардың дайындаған жұмыстары.
- 8 - сынып оқушысы.
- 9 - сынып оқушысы
- 10 - сынып оқушысы.
Мен қазақпын даласында думандатқан,
Ән, күйменен жүректерден орын тапқан.
Талай ақын, талай жыршы, талай күйші,
Қазағымның мадақтап жырға қосқан.
Ән. « Бейбітшілік» орындайтын 4 - сынып оқушысы:
- Ауған соғысы 1979 - 1989 жылдарда яғни 10 жылға жуық созылған. ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны 22269 жауынгер болды. Солардың бір мыңға жуығы ауған жерінде қаза болып, 21 жауынгер іс - түссіз жоғалып кетті. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман - есен елге оралған Төменарық ауылының №223 мектептің АӘД пәнінің мұғаліміне сөз береміз.
Ауған соғысының ардагеріне қойылатын сұрақтар:
1 - Сұрақ:
Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?
2 - Сұрақ:
Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
3 - Сұрақ:
Ауған соғысында көрген қиыншылықтарыңыз көп болды ма, Сіздің есіңізде қалған бір оқиға бар ма?
4 - Сұрақ:
Ауған соғысы ардагерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?
- Қазақ халқының қасиетті ұғымдарының бірі - Отан. Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ отбасындағы тәрбие өзегі. Өз Отанын сүйетін, ұлтына қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу - басты міндетіміз.
- Постермен жұмыс. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Топпен жұмыс жасап сол тапсырманы жан - жақты қорғау қажет.
І топтың жұмысы. «Осы күннің батырлары» тақырыбы туралы - 10 сынып
ІІ топтың жұмысы. « Мәңгілік ел» туралы - 11 сынып, 8 - сынып
ІІІ топтың жұмысы « Патриот болу үшін ер бала бойындағы қандай қасиеттер болу керек?» 9 - сынып
Ән. «Қазақ жастары» орындайтын: 3 - сынып оқушысы.
Жастарды ұлт тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен ұлттық ұлы тұлғаларының ерлік істері, өнегелік өмірін негізге ала отырып тәрбиелеу арқылы олардың нақты пікірі мен тоқтамды ойын жүйелеп отансүйгіштікке баулу. Ұлы Отан соғысы, ауған соғысындағы ерлігімен даңққа бөленген қазақтың ұл - қыздары бүгінгі жастарға үлгі.
Бүгінгі шараға қатысып отырған қонақтарға сөз береміз.
Қазақ ауылының бас маманы: ағай
Ата - аналар комитетінің төрағасы: ағай.
Ауыл кітапханашысы: апай
- Ауған соғысы (27. 12. 1979 — 15. 02. 1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық - демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО - ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.
Әр топ «Мен елімнің жас патриотымын» тақырыпта шығармашылық өлең немесе бір аңыз - әңгіме айтып қорғау қажет.
Халқымыздағы қазақы мінез - құлық пен адами іс - әрекеттердің рухани негізі ұлттық салт - дәстүр болатынын ақиық ақынымыз М. Мақатаев өз өлеңінде:
Анам маған үлкенді сыйла,- деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра - ізеттілік,
Арымды соған қойғам күзеттіріп.- деген жолдарымен халықтық дәстүр сабақтастығын ұлттық мақтанышпен жетілдіруге үндейді.
Қорытынды сөз мектеп директорына беріледі.
Бүгінгі кешіміздің қонағы ауған соғысының ардагері Өтеген ағайға ой бөлісіп, сыр сұхбат бергені үшін рахметімізді айтамыз. Бүгінгі «Мен елімнің жас патриотымын» атты кездесу кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
Ауған соғысының ардагерімен кездесу. Мен елімінің жас патриотымын
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 12175
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Мен елімінің жас патриотымын, Ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші
Ұқсас жаңалықтар:
Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!
Мақсаты: Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен...Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы...Интернационалдық достық ел Ауғанстан
Мақсаты: Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен...Ерлік ұрпаққа мұра
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі: А.К.Бахтыгереева...Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Б. Жұмабеков, Қазтұтыну одағы ҚЭУ - дің экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушы - ұйымдастырушысы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.