Сайтқа кіру Тіркелу

Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны

Уақытыңды басқар
Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны
«Ислам уақытты бос өткізуді құптамайды» дегенді демалуға толықтай қарсылық ретінде түсінбеу қажет. Қасиетті Құран Кәрімде демалу мен тынығу тақырыбы арнайы тілге тиек етілген. Тіпті ең абзал демалыстың қайда, қай уақытта, қалай болатындығы да баяндалған.
Құран Кәрімде де айтылғандай, демалудың ең тиімді жолы – ұйқы. Ұйқының демалу мен тынығу жолы екендігін төмендегі аят былай баяндайды: «Ол Алла сендер үшін түнді жамылғы, ұйқыны тынығу, ал күндізді ұйқыдан оянатын әрі жан - жаққа тарап, тіршілік ететін уақыт қылды». Құран Кәрімде де көрсетілгендей, адам денесінің тынығуы үшін басқа көңіл көтеру, демалу жолдарынан гөрі ұйқының әсерлірек әрі пайдалырақ екендігін көре аламыз.
Алла Тағала Құранның көптеген аяттарында демалатын уақыттың түнгі мезгіл екендігін көрсеткен. Солардың мысалы ретінде төмендегі екі аятқа назар аудара аламыз: «Тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны еркін көріп, тіршілік етулерің үшін күндізді жарық қылып жаратқан Алла». «Ол сендерге деген шексіз рақымымен бірінде демалып, тынығуларың, енді бірінде тіршілік етіп, Өзінің кеңшілігінен несібелеріңді табуларың үшін һәм Өзіне әрдайым шүкіршілік етерсіңдер деп түн мен күндізді жаратты».
Сонымен қатар Құранды адамзатқа барлық тұсынан жол көрсетуші етіп түсірген Ұлы Жаратушымыз демалудың орнын да атап көрсеткен: «Алла сендерге (өздерің әрі малдарың үшін) тұратын әрі тынығып дамылдайтын үйлер (қора - жайлар) салуды нәсіп етті».
Олай болса, толыққанды демалудың орны – үй, уақыты – түн, жолы – ұйқы арқылы болмақ.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Рухани жағынан алғанда ережеп, шағбан, рамазан айлары басқа айларға қарағанда бір төбе жоғары, берекелі айлар болып табылады....
Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Уақытыңды басқар: Мүбәрак күндер мен түндер

Алла Тағаланың мұсылмандар үшін мейрам етіп берген екі айт күндері бар. Бұл күндер – мейрам болумен қатар, ізгілік пен сауапты амал жасауға арналған...
Түн бен оның кезеңдері

Түн бен оның кезеңдері

Түн дегеніміз күннің батуынан бастап, таң алдындағы екінші шапақ атқан сәтке дейінгі кезең екендігі белгілі. Жалпы бір жыл бойынша есептегенде түннің...
Ерекше құндылыққа ие уақыттар

Ерекше құндылыққа ие уақыттар

Адам атаның Жерге түсуімен басталған адамзат тарихының алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың мың жылдап ұзақ өмір сүргендігін білеміз....
Омардың оқиғасы

Омардың оқиғасы

Бірде әділетті халифа Омар ибн әл - Хаттаб базарда жүрген сәтінде бір адамның: «Иә, Алла мені құлдарыңның ішіндегі "аздардың" қатарынан қыла гөр! Иә,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×