Экзема шықса, жұмыртқа майын жағыңыз
Екі жылдай уақыт бұрын қолыма экзема шығып, қанша дәрі жақсам да кетпей қойды. Дәрігерлер кеңесімен алған дәрілер уақытша ғана көмектесетін. Дәрінің күші кете бастады - ау деген кезде қайта шығады. Одан қалай құтыларымды білмей жүрген кезде көрші орыс әжей маған бір ем айтты. Соның арқасында мен қазір экземадан түбегейлі айықтым. Тек ол емді ерінбей, ыждахатпен істеу керек.
Он жұмыртқаны (қолда өсірілетін тауықтікі болуы керек, инкубатордыкі мен дүкендегі жұмыртқалар жарамайды) қабығымен қайнатып, сарысын алыңыз. Содан кейін сарысын вилкамен ұстап, білте шамның отына қойып, қыздырыңыз. Сәлден кейін одан сұйықтық бөліне бастайды. Оның астына кішкене табақша қойып, үлгеруіңіз керек. Сарыуыздан алынған майды дәкеге жағып, оны ауырған жеріңізге қоясыз. Үстінен целлофан кигізіп, оның сыртынан таңғышпен таңып тастаңыз. Осылай екі күн ұстап, екі күннен кейін жаңасына ауыстырасыз. Бұл емді сауығып кеткенше жалғастырады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Экзема шықса, жұмыртқа майын жағыңыз
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 605
- 0