Шешендік сөздер
Саққұлақ би деген екен...
Зерек те, зерделі Сәбден 12 - 13 жасынан әкесі, Бапан би қасында жүріп шешендік өнеріне жаттығады. Ел билеу ісіне араласады. Он жас кезінен бір есіткенін есіне сақтап білетін өте зейінді зерек боп өседі. 15 жасқа келгенде әкесі оны кішігірім дау - дамайды шешіп келуге жұмсап отырады. Сәбден ел арасындағы дауды тындырып, әкесінің ойынан шығып тұрған. 17 жасында сол өңірге шешендік атағы жайылған Байдалы бимен сайысқа түседі. Қиыннан қиыстыра сөз тастап отырған Байдалыны ол тосылдыра береді. Сәбден баланың "Саққұлақ би" аталуы былай екен: Қыс қатты болған тышқан жылы Алтай - Қарпықтың қалын жылқысы Ереймен тауының етегіне қыстап шығады. Сәуір айында олар жылқысын түгендесе, сексен жылқы кем бопты. Сұрастыра келсе, ұзынқұлақ хабары Бапан аулынан шығады. Ел - жұрт Байдалы биге барады. Байдалы бір топ ел басшы, байларын ертіп Бапанның үйіне түседі. Дастарқан үстінде Бапан Байдалыға:
- Байеке, жөн айта отырыңыз?- Жөн сұрап қалдың рой, - дейді, сонда Байдалы:- Тай мініп, тайлақ жетектегенді Әр жерден көрдің. Жиенінің жылқысын алып, Қан сорпа қылғандыҚай жерден көрдің? Бір тонау бар - хан тонауБір тонау бар - тон тонауАты - жөні жоқ, бұл қалай тонау?!
Байдалы шешен осылай термелей жөнелгенде, Бапан аз кем тосылып үндемей қалады. Әкесінің кідіріп қалғанын сезе қойған Саққұлақ бала іліп алған дай:
- Биеке, дат! - деп Байдалының алдына барып бас иеді.- Қанжығалының үлкені тұрып, кішісінің сөйлегені қалай? - деп, Байдалы баланың сөзге киліккенін ұнатпайды. Сонда, Саққұлақ былай термел епті:- Ата тұрып ұл сөйлесе, Ұлдың ер жеткені. Ана тұрып, қыз сөйлесе, Қыздың бой жеткені. Өсетін жасты Өшетін көрі Жасқап асқап беттен қақса, Заманның кері кеткені. Өз төлін, өзі сыртқа тепкені Байдекеңнің бұл не еткені?
Байдалы би балаға таңдана, жан - жағына пандана қарады.
Көп ішінде іркілмей Сөз бастаған бұ қай бала? Ойлап едім әуелде Отырған бір жай бала Уәжің сенің нақ еді. Құлағың неткен сақ еді! Сипатыңа қарасам, Қара лашын, тұйғынсың. Сөйлер сөзге келгенде Бәйге атындай сырғисың. Көзіме жылы ұшырайсың Жөніңді айтшы қай ұлсың?
Байдалы осылай толғап барып тоқталғанда Сәбден бала:
- Арғы атам батыр Бөгенбай, әкем аты алдыңызда отырған Бапан би. Алтайдың аузын асқа, адырын атқа толтырған ішпекбай бабам емес пе еді! Алтайға ана болған менің Аққоян апам емес пе еді! Ендеше, жылқышыларыңның салақтығынан қалың қарда опқа құлап, жарға жығылған жылқыға бұл елдің ешбір кінәсі жоқ! Сөзіңіз уәлі болсын, дауыңыз куәлі болсын! Болмаса, айтқан сөзіңіздің бәрі бекер!- Япырым - ай, мына бала қайдағы мен есітіп білмеген сөзді айтты - ау, мен тозған екенмін, бұл озған екен. Сөзің уәжді балам, сенің билігіңе тоқтадым. Олай болса бұл дау аяқсыз болсын. Бала атқа қонсын. Тізгінді бердім саған. Бұдан былай сенің атың "Саққүлақ би" болсын, аумин! - деп, батасын беріпті дейді ел.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Саққұлақ би деген екен...
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 813
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Саққұлақ бидің жастық кезі, нақыл сөздері, шешендік сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Əке мен бала
Бір адам жолда ескі тағаны көріп: - Балам, анау тағаны алшы - дейді....Әке туралы мақал-мәтелдер
Жақсы әке жаман балаға, Қырық жылдық ризық. Шешеге қарап қыз өсер, Әкеге қарап ұл өсер....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №23
Дәл Тәкежанның жылқысын шапқан күні Ақшоқыда Абай іні - достарымен Лермонтовтың «Вадим» және «Демон» дастандарын талқылап жатты....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №5
Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады. Медреседегі оқуын еске ала отырып, парсы және араб тілдерінде жазылған кітаптарды күні - түні оқиды. Ол өз...Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері
Шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту. Ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.