Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!»
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд - сурет.
Сабақ бағдарламасы:
1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама
2. Майданда туған жыр
3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)
4. Мақал - мәтелдер сайысы.
5. Қорытынды
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Ауған соғысы (27. 12. 1979 — 15. 02. 1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық - демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО - ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық - демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Халық” тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал “Парчам” тобын Б. Кармаль басқарды.
1 - жүргізуші
1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП - ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП - ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала - шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО - ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен, салт - мүддесімен санаспау, т. б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО - мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде - тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, А. А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
2 - жүргізуші: Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді.
1 - жүргізуші:
Сіздердің назарларыңызға жоғары сынып оқушылар өлең оқып береді. Әскери киімде жоғары сынып оқушылар шығады.
Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жиырмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.
Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!
2 - жүргізуші: 6 - сынып оқушыларының орындауында ән «Соғыстың соңғы әні».
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 12 ақпанда орнатылды. 2002 жылы Кабулда ашылған ҚР Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап Елшілік мәртебесінде жұмыс істеуде. 2011 жылғы маусым айынан бастап Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ө. Бітімов. 1993 жылдан бастап Ауғанстанның Елшілігі Қазақстанда жұмыс істеуде. 2005 жылы елшілік Астанаға көшті. 2013 жылғы желтоқсан айынан бастап Ауғанстанның Қазақстандағы Елшісі Мұхаммад Фарук Бараки. Қазақ - ауған қарым - қатынастары үдемелі дамып келе жатыр. Мемлекет басшылары халықаралық шаралар аясында тұрақты түрде кездеседі.
Сауда - экономикалық қатынастарды дамытуда Сауда - экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Ауғанстан бірлескен үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) маңызды рөл атқарады.
ҮАК қазақстандық жағының тең төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі В. Божко, ауған жағының тең төрағасы АИР Сауда және индустрия министрі Мұхаммад Шакер Каргар болып табылады.
2 - жүргізуші: Ортаға 10 - 11 сыныптың ер балаларын шақырамыз. «Ерлік сабағы» ойыны:
6 оқушының алдына: 6 - газтұмылдырық (противогаз)
6 - пневматикалық қару беріледі.
Ойынның шарты: 5секундта газтұмылдырықты кию.
5 - секундта пневматикалық қаруды жинау.
Осы ойыннан кейін оқушылар сұрақтарға жауап беру керек.
1 - жүргізуші:
Бақытбек Смагұл деген кім? (Ауған соғысының ардагері, депутат )
Қазақстан қандай мемлекет? (Егеменді, тәуелсіз)
Қазақстанның Конституциясы күнін қашан тойлаймыз? (30 тамыз)
Қандай ордендер мен медальдарды білесіңдер? (Қызыл Ту орден, Құрмет, Қызыл Жұлдыз)
Қазақстанның қарулы күштері қашан құрылды? (1992ж)
Қазақстан Республикасының Рәміздерін атаңдар. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
2 - жүргізуші:
9сынып қыздарының «Әскердегі қыздар» биі. Қыз балалар әскери формада сапта тұрып би билейді.
1 - жүргізуші:
«Жеңіс» көрінісі
5 - 7сыныптар соғысты жеңген кездегі халықтың көтеріңкі көңіл - күй әсерін көрерменге жеткізеді.
2 - жүргізуші
8 - сынып оқушыларының орындауында«Көк тудың желбіреген» әні.
1 - жүргізуші: Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіз ел Қазақстан – тұрағым,
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағым,
Көк байрағым еркіндікті паш етіп,
Қыран қанат – көкке самғар жыр әнім
1 - жүргізуші:
Қазақ жерінде соңғы 5 ғасырда 3 мыңдай ірі ұсаќ көтерілістер мен наразылықтар болған екен. Соның барлығы да қасиетті тәуелсіздік үшін болғаны мәлім.
27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2 - жүргізуші:
Қазақстан ән мен күйдің аспаны
Қазақстан болашақтың дастаны
Қазақстан атамекен отаным
Қаламаймын бір өзіңнен басқаны
Қазақстан ұлы қазақ атаның
Қазақстан кірлетпеймін атағын
Қазақстан еркін елім, еңселі
Қазақстан елім менің Отаным.
Тәуелсіздік - ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата - бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке, бейбіт өмір келісім.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі - Республикам менің.
2 - жүргізуші: Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 31 жыл толуда. Қазақ елі гүлденіп, көркейіп, жасай берсін. Бейбітшілік пен жасампаздықта, ынтымақтастықта, бейбітшілікте біз, сіз деп өмір сүрейік!
Осы тәрбие сағатына келген қонақтарға, қатысқан оқушыларға алғысымыз шексіз. Келгендеріңізге рахмет!
Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 54125
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ауғанстан ардагерлеріне тағзым, ауған соғысы туралы тәрбие сағаты сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Ауған соғысының ардагерімен кездесу. Мен елімінің жас патриотымын
Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен, Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен. Думанды ауыл, саялы қалаларда, Сыйласып бір - бірімен күні өткен....Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы...Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...Интернационалдық достық ел Ауғанстан
Мақсаты: Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен...Ерлік ұрпаққа мұра
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі: А.К.Бахтыгереева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.