Сайтқа кіру Тіркелу

Әке - бәйтерек

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік».
Оқу қызметі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Әке - бәйтерек»

Мақсаты: Жанұядағы әкенің орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әкеге құрмет көрсету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты, әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әке туралы нақыл сөздердің тәрбиелік мағынасын түсіндіру. Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айтқызып үйрету.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап.

Билингивалық сөздер: құрмет, сыйлау, жақсы көремін, мейірімді, менің әкем.
Тақырып барысы: Құрметті әкелер, қонақтар сіздерге арналған «Әке - асқар тау» атты ұйымдастырылған оқу қызметін ашық деп жариялаймыз. Әке - шаңырақтың негізгі тірегі, ерекше тұлға. Әрбір бала өз әкесіне қарап өсетін нысанасы. Әке - ақылшым, тірегім дей отыра, бүгінгі сый - құрмет өздеріңізге арналады.
Ән: «Менің әкем, ең жақсы адам»
Музыка әуенімен ортада балалар, вальс билеп кіреді.
Мұғалім: Балалармен сәлемдеседі. Қонақтармен сәлемдесуге шақырады.

Шаттық шеңбері

Балалардың сәлемдесуі:
Жарқырап күнде ашылды
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар,
Біз бердік сізге сәлемді.

Мұғалім: Балаларды орындарына жайғастырып, отырғызады. Қыс мезгілі туралы сұрақ - жауап алынады.
Балалар: Сұраққа толық дұрыс жауаптарын береді.
Мұғалім: Балалар, бүгін бізге кімдер қонаққа келді?
Балалар: Әкелеріміз.
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі кешімізді, әкелеріміздің құрметіне арнап, барлық сыйластығымызды көрсетейік. Балалар, сендер әке туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Балалар өлең - тақпақтарын оқиды.
1 - оқушы: Арқа сүйер панасың,
Ақылы мол данасың.
Адал етіп өсірген,
Мендей ерке баланы.

2 - оқушы: Әкетайым асылым,
Жақсы көрем өзіңді.
Құрметтеп мәңгі өтемін,
Мәпелеген өзімді.

Мұғалім: Ой, бәрекелді! Ал енді әкелер туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?

Балалар:
1 - оқушы: Әкеден - ақыл
Анадан - мейір.

2 - оқушы: Әкені көріп ұл өсер.
Анасын көріп қыз өсер.

3 - оқушы: Сайына қарай - саласы
Әкесіне қарай - баласы.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Балалар әке деген кім?

Балалар:
1 - оқушы: «Әке - отбасының тірегі»
2 - оқушы: «Әке - асқар тау»
3 - оқушы: «Әке - баланың қорғаны»

Мұғалім: Балалар мен сендерді ертегі көруге шақырамын, ертегіні бірге тамашалайық.
«Әке мен бала»

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.

Мұғалім: Балалар сендер ертегіден нені түсіндіңдер, ертегінің қандай тәрбиелік мәні бар?
Балалар: Әкенің ақылын тыңдау, құрметтеу, еріншек - жалқау болмау. Мұғалім: Дұрыс, міне біз ертегіні көріп, әкеміздің ақылды, қамқоршы, дана адам екенін білдік.
Мұғалім: Әкелерді ойынға шақырады. Балаларды да, ойынға шақырады. Ойын: «Өз әкеңді тап!»
«Өз балаңды тап!»
Мұғалім: Әкелерге алғысын айтады.

Қорытынды: Балалар, бүгін біз сендермен қандай тақырыпта әңгіме жүргіздік?
Балалар: Әкелер жайлы.
Мұғалім: Біздің әкелеріміз қандай адам екен?
Балалар: Ең жақсы адам, ақылды, батыр, мейірімді, қамқоршы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, әрқашанда, әкелеріңді құрметтеп, сыйлаңдар,
тәртіпті және білімді болып өсе беріңдер!
Мұғалім: Қонаққа келген әкелерден бата сұрайды.
Құрметті әкелер, бүгінгі біздің «Әке - бәйтерек» атты, ұйымдастырылған оқу - қызметіміз осымен аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, алғысымызды білдіреміз. Келген аяқтарыңызға гүл бітсін!
Келесі кездескенше cay-саламат болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әке туралы өлең шумақтарын жатқа айта біледі.
Игереді: Әке деген ұғымды, отбасындағы әкелердің құрметін түсінеді, игереді.
Меңгереді: Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айта біледі. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін дұрыс түсіне меңгереді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×