Халық емі
Коронавирустың зардабы
Зияны миға да, жүрекке де жетеді.
«Адамзат өзінің тарихында мұндай дертті бастан кешіп көрмеген». «Scіence» журналы коронавирустың адам ағзасына әсері туралы осылай деп жазды. Себебі тосыннан келген дерттің адам ағзасына әсері енді белгілі болып жатыр. Анықталғаны – SARS - CoV - 2 өкпеге ғана емес, миға, назофаринске, көзге, жүрекке, қан тамырларына, бауырға, бүйрекке және ішекке әсер етуі мүмкін екен.
Қазір КВИ - мен бір ауырған адам вирусты екінші рет жұқтыруы мүмкін бе деген сауал төңірегінде пікір көп. Түрленуге бейім вирустың басқа штаммы қайта жұғуы мүмкін деген болжам бар. Енді бір зерттеушілер вирус адам ағзасында қандай да бір формада сақталып қалады деген ой айтады. Сондықтан SARS - CoV - 2 - ті рак клеткасына теңейді. Себебі обыр жасушасы адамның иммунитеті әлсірегенде немесе стресстік жағдайда күш алып, өзге ағзаларға дес бермей кететіні мәлім. Қалай түрленіп, қашан шабуылдайтыны беймәлім вирустың қаншалықты қауіпті екенін осыған қарап бағамдай беріңіз. Сол себепті ДДСҰ кем дегенде 2022 жылға дейін сақтық шараларын қолданып, ара қашықтықты сақтаған дұрыс дейді.
Ашығын айтқанда, көзге көрінбейтін жендет – жасушаның қай ағзаның қалтарысында бұғып қалатыны әлі күнге дейін жұмбақ. Себебі ағзаға аталған вирус түскен бойда бүйрек, өкпе, жүрек жұмыстары қалыпты режімнен жаңылып қалатыны байқалған.
Коронавирус алдында ағза неге әлсіз? Зерттеулерге көз жүгіртсек, коронавируспен ауыратын кейбір науқастарда мынадай жағдайлар байқалған: жүрек бұлшықетінің қабынуы (миокардит). Ол электр импульстарына кедергі келтіреді, аритмияға әкеледі және қан айналымын бұзады, тыныс алудың қысқаруына әкеледі. Сау адамның жүрегін бүлдіретін вирустың осы кеселмен есепте тұратын адамдар үшін қаншалықты қауіпті екенін бағамдай беріңіз. Covіd - 19 қанға да теріс әсер етеді. Нидерландыда 184 пациенттің 38%- ында қан ұюының жоғарылауы анықталған.
Кейбір пациенттерде инфекция бүйрекке де таралады. Ал бүйрек жеткіліксіздігі дерті бар пациенттер үшін ол аса қатерлі: өлім қаупі коронавируспен ауыратын басқа емделушілерге қарағанда 5 есе жоғары екені белгілі болып отыр.
Жақында Ресей ғалымдары Covіd - 19 кеселі бауыр жасушаларын да бүлдіретінін айтты. Қытайда КВИ - мен ауырған адамдардың 50 пайызында кейін бауырда бүлінулер анықталған деген де дерек бар.
Лондон корольдік колледжінің оңалту медицинасының профессоры Линн Тернер - Стокс: «Жеңіл дәрежедегі вирустың өзі миға зақым келтіруі мүмкін. Оның кері әсері араға жылдар салып байқалатын болады. Ол тіпті психикаға әсер етеді», – дейді.
Көп адам дәм мен иіс сезбей, тағы біраз адамда жаздың ыстығында суықтау белгілері болғанын айтып жатты. Біздің иммундық жүйеміздің вирусқа қарсы осылай жауап береді.
Коронавирустың ауыр түрімен ауырып жазылған адамдардың жартысында әлсіздік, жүйкенің жұқаруы, күйзеліс, бас айналуы, көру қабілетінің нашарлауы, ұмытшақтық белгілері байқалатыны да анықталып отыр. Ал иммунологтар SARS - CoV - 2 иммунитетті өте қатты әлсірететіні сондай, оның қалыпқа келуі өте қиын деп күдіктенеді. Дерт тудырған белгілер уақыт өте келе жойылып кетсе де, олардың кейбіреуі сақталуы мүмкін. Осы себептерге байланысты екінші толқын, карантин деп бейғам болу өз өміріңізге балта шабумен тең әрекет болары анық. Бізде – адамдарда таңдау мүмкіндігі жоқ. Жалғыз амал – барынша сақ болу, сақтық пен тазалық сақтау. Бір сәттік салғырттық өкінішке ұрындырмасын десеңіз, қарапайым ғана ережелерді орындап жүріңіз!
Коронавирустың зардабы
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 432
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Коронавирус, коронавирустық пандемия, емдеу, денсаулықты жақсарту
Ұқсас жаңалықтар:
Бұрын ойлағаннан гөрі, коронавирустың адам денсаулығына келтіретін зияны әл ...
COVID - 19 тудыратын коронавирус көптеген органдар жүйесіне кері әсер етеді, кейбір жағдайларда адамдарға апаттық зақым келтіреді....Зерттеу көрсетіп отыр - коронавирус науқастың өмірін 10 жылға қысқартады
Шотландия ғалымдары COVID - 19 адам ағзасына ұзақ мерзімді теріс әсер етуі мүмкін. Жаңа мәліметтерге сәйкес, ер адамдарда коронавирустық инфекция...Қыста тұмау мен коронавирустың араласуы, қауіпті туризм, суицид пен алкогол ...
Тель - Авив алғашқы медициналық орталығының дәрігерлері коронавирустық індет туралы сабақтар, карантиннің нәтижелері және шектеу шараларын...Коронавирустық инфекцияның жаппай қайталануы мүмкін
Коронавируспен ауырған адамдардың 5 - 15 %- ында рецидив болуы мүмкін. Бұл пікірді Қытайдағы аурудың ағымын талдаған ғалымдар алға тартты...Ғалымдар әлемде коронавирустың таралуының жаңа даталарын атады
SARS - CoV - 2 мутациясының генетикалық талдауы оның Еуропада, Америкада және басқа аймақтарда тез таралуы 2019 жылдың күзінде басталды деп...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.