Қазақ жұртында: «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады» немесе «Алып анадан, ат биеден туады» дейтін тәмсіл бар. Демек, жүйрік құлынның тууы – аталық айғырмен қатар енелік жақсы биеге де байланысты.
Қазіргі кездегі ең қауіпті жанартау – Попокатепетль. Оның «Эль - Поло» деген де аты бар. Мехикоға жақын орналасқан. Ал жер бетіндегі ең белсенді жанартау Гавай аралында орналасқан – Мауна Лоа.
Біздің тәннен құралған болмысымыз тартылыс күшінің аясында жұмыс істеуге ғана жаралған. Жуырда New England Journal of Medicine - де жарық көрген бір зерттеуде адам ағзасының ерекше маңызды органы – ми туралы алаңдатар жайттар қозғалды.
Күн райының өзгеруіне бұлттардың ықпалы жоғары. Бұлт дегеніміз – судың жылу әсерінен буға айналып, аспанға көтерілетін өте ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршектерінің топтанған жиыны.
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен мәлім Әнет бабаға сәлем беріп, кәрі құлақты қариядан тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, тағылым алады екен.
Бұрыннан - ақ бабалар келер жылдың қалай басталып, қалай аяқталарын мезгілдегі таңның атуы мен күннің батуы, жұлдыздар жарқылы және Құс жолының орналасу қалыбы мен Шолпанның тууына қарап, біліп отырған.