Атбегілік арналары
Жүйрік жылқының сипаттары
Түбір сипаты
Жылқының түбір сипаты дегеніміз – оның табиғи жаратылысын тану ілімі. Яғни, жылқының табиғи бейімділігін тап басу арқылы қолданыс қажеттілігін анықтау. Ол үшін жүйріктің бітім - болмысын – жан - жануар, аң - құстың жақсы сипаттарына салғастыра отырып зерттеген. Мысалы, әскери қолбасшы әрі атбегі Семен Михайлович Буденный (1883 - 1973) жүйрік жылқыны сынағанда: қоян, түлкі, есек сипаттарына қатты мән беретіні жайлы дерек бар. Маршалдың айтуы бойынша: қоян сипатты жүйріктің белгісі – тыз етпе ұшқыр, аяғы жеңіл әрі жүрісі ұтымды болады десе, түлкі сипатты жүйрік – денесі жинақы, ықшам әрі атқан оқтай тік жүреді, құйрығы түлкінің құйрығындай бір тегіс, жіңішке, сұлу көрінеді. Ал, есек сипатты жүйрік – төрт аяғын тең басады (төрт аяғын тең басатын хайуан есек қана). Яки, төрт аяқты тең басу дегеніміз – төрт тұяқтың дұрыс бітімі. Өйткені, табаны «қазтабандап» жерге тимейтін дөп - дөңгелек қобы тұяқ есекте ғана бар. Тұяғы осылай біткен жылқы ақсамайды һәм жасқанбай басады...
Сол себепті, жылқы түлігін қолданушы қауым ерте кезден бастап оның түбір сипатына қатты мән берген. Ал, байырғы көшпелілер үшін жылқының жаратылысын (түбір сипатын) аңдау әсіресе жауынгерлік іске аса қажет болған. Атап айтқанда: арыстан, бұлан сипатты жылқыларды найзагер жауынгерлер мініп шеп бұзатын болса, марал, қоян, түлкі сипатты жүйріктерді хабар алмасу ісіне және садақшылар мінері анық. Өйткені, бұндай сипатты жылқылар қозғалыс кезінде ентігін тез басатындықтан садақшылар үшін өте қолайлы. Ал, бөкен, елік, құлан сипатты жылқыларды қылышкерлер мен жеңіл маневр жасауға ыңғайлы қанжар және айбалтамен қаруланған жауынгерлер мінетін болған.
Сұңқар сипатты жүйрік
Құс нышанды жылқының басы қолтоқпақ тәрізді шағын әрі маңдайы кең дөңесті доп пішіндес, тұмсығы мен ауыз - иек ауқымы сүйір, құлағы жатаған, төменшіктеу келеді. Маңдай жазығымен орайлас кеңсірігі жалпақ, желке жалы сұйықтау. Мойыны садақ сияқты иіліңкі, қолтығы сыртына теуіп орналасқан, омырау еті күдірлі, арқасы түзу әрі ұзын, сегізкөзі биік, сауыры күрт ылдилау, жаңбырлығы түсіңкі орналасқан. Арқа сүйегі қырлы, қабырғасы ұзын болғанымен иіні қысқа, шершеуі тығыз, төрт аяғының арасы алшақ, бақайы жатаған. Шапқанда мойынын ішіне алып, артқы тұрқын созып - жинап, орғып отырады.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Жүйрік жылқының сипаттары
- ramuk_b
- 2 ақпан 2022
- 789
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сұңқар сипатты жүйрік, түбір сипаты, жылқының табиғи бейімділігі
Ұқсас жаңалықтар:
Атбегілік арналары: Биенің сыны
Қазақ жұртында: «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады» немесе «Алып анадан, ат биеден туады» дейтін тәмсіл бар. Демек, жүйрік құлынның тууы –...Жүйрік жылқының сипаттары
Бұл жүйрікте бөрі сипатына тән белгілердің барлығы бар. Оның сыртында жалпы тұлғасы төртбақ....Ұзын құлақ сұр қоян
Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету. Балалардың үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме...Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ....Жылқы түсіне байланысты атаулар
Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі. Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі. Жирен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.