Сайтқа кіру Тіркелу

Зерделі зерттеу: Дыбыс жүйесі

Зерделі зерттеу: Дыбыс жүйесі
Кэтрин Цукерман
Ағаш еденнің шиқылдаған дыбысынсыз қорқынышты фильм қандай болар еді? Әрлеу, яғни дыбыс эффектілерін фильмге қою процесі бүгінде өте маңызды. «Бізге жүктелген міндет – экрандағы суретті ашатын, шынайы естілетін дыбыс шығару», – дейді әртіс Джон Реш. Бірінші қадам: көріністі мұқият қарау. Артынша ол Шелли Роден мен Скотт Куртис әріптестерімен бірге көрініс дыбысын тудыру үшін дыбыс эффектісін жасауға қажетті түрлі гаджеттер мен материалдарды сынап көреді. Мәселен, мұзда сырғанау көрінісінің дыбыстық эффектісіне қол жеткізу үшін ол бұжыр табанды аяқкиімдерді бетон бетіне үйкейді. Ал егер сюжетке қан керек болса, су сіңірген жұмсақ матаны сығу арқылы «тоқтамай аққан қан» дыбысын айнытпай салуға болады.
1. Қарағай бүршігі. Қарағай бүршіктерінің қытырлауы сынған сүйектің дыбысына келеді. Реш пен оның тобы «Фердинанд» деп аталатын балаларға арналған фильмде кірпінің таудан құлаған дыбысын қарағай бүршігін тарақпен тарау арқылы келтірген.
2. Тоғыз өрім қамшы. «Тәуелсіздік күні» фильмінде өзгепланеталықтардың терезені қармауыштарымен ұрған дыбысын шығару үшін қамшы пайдаланылды.
3. Өкшелік. Дыбыс студиясының әртістері «Сильверадо» фильмін әрлеуде өкшеліктердің көмегіне жүгінді.
4. Кассета лентасы. Жақсы шықырлағаны үшін шөп басқан дыбысты салу үшін осы материал пайдаланылады.
5. Сәби кроссовкасы. Кішкентай әрі иілгіш сәби аяқкиімі «Мен жексұрын 3» анимациялық фильмінде миньондардың жүріс дыбысын салуға көмектесті.
6. Сүйек бөлшегі. Әйгілі «Моана» балалар фильмінде Мауидің сүйектен жасалған моншақ дыбысын шығару үшін шын сүйек пайдаланылды.
7. Қылыш. Осындай ауыр қылышты сермеу арқылы «Батыл жүрек» фильміндегі алдаспанның қуаты көрсетілген.
8. Канделябр. 2018 жылғы «Қара қабылан» блокбастерінің басты кейіпкері вибраниум деп аталатын жалған металдан жасалған костюммен жүреді. Оның дыбысын шығару үшін Реш бірнеше бұйымды, атап айтқанда канделябр мен S пішіндес сүйменді пайдаланды.
9. Уілдеуіш аспап. 1988 жылғы «Роджер қоянды кім тақырға отырғызды?» мультипликациясындағы дыбыстар мына аспаппен шығарылды. Оның бетінде бір - біріне еш қатысы жоқ варган, камертон, оттық, сары мыс тостаған мен оның қақпағы орнатылған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×