Абай айтқан «шайтан өрнектің» зоры большевизм болды. Ақын заманында қазақ елі бұзылғанымен, қырғыннан аман еді, әлі де болса ел ішінде есті адамдар бар еді.
«Әсет пен Кәрібай айтысы» – шамамен 1905 ж. Тарбағатай тауының түстік жағында өткен. Кәрібай ақын туралы толымды дерек жоқ. Бірақ Қаракерей тайпасынан екендігі, осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат маңында өмір сүргендігі нақты белгілі.
Алдымен «шайтан» туралы. Бұл өзі не? Дүниеде бар нәрсе ме әлде қиялдан туған түсінік пе? Өзге діндегі ұғымдарды былай қойғанда, исламда шайтан деген – шындық.
Әдеби қаһарман – көркем шығармада мінезімен, іс - әрекетімен, ой - толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға. Әдеби қаһарманның ең жоғары жан - жақты шебер мүсінделген түрі – тип.
Атымтай жомарт – көптеген шығыс халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, қайырымдылық пен жомарттық үлгісі. Атымтай Жомарт 6 - ғасырда өмір сүрген деген жорамал бар.