Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен
«Бердіқожа батыр» – тарихи жыр. Жырда қалмақтарға қарсы соғысқа аттанып бара жатқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Боранбай, Барақ, Керей Жәнібек және т. б. батырлардың есімдері айтылады. Туынды он бір буынды қара өлеңге құрылған, ішінара қара сөз де ұшырасады. Қолжазба нұсқасы әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

Билер сайысы – билердің дау - дамай мен билік үстінде айтатын ұтқыр сөздері. Билер сайысы терминін алғаш рет М. Әуезов «Әдебиет тарихы» зерттеу еңбектерінде (1927) арнайы әңгіме етіп, ғылыми айналымға енгізді. Ғалым билер сайысының шығу төркіні мен таралуын сөз ете отырып, оны төрт түрге жіктейді: 1. Дау мен билікті қоса айтқан билер сайысы. Бұған Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» деген арнауын жатқызады; 2. Екі бидің әділ билікке таласып айтқан сөздері. Бұл ретте Ақтайлақ бидің Бопы төремен билер сайысы үлгі етіледі; 3. Жұмбақпен, тұспалмен айтылған билер сайысы. Мұның мысалы ретінде Қараменде мен Кеңгірбай билер сайысы сөз болады; 4. Жамандап яки мақтап айтатын сөздер. Билер сайысының бұл түрі ретінде Сабырбай ақынның Солтабай төреге айтқан арнау сөзін мысал етеді. Билер сайысы кезінде билікке түсуші екі жақтың бірдей сөз сайысуы шарт емес. кейде билік бір ғана жақтан айтылады.

«Бозғұлан» – батырлық жыр. 7 - 8 буынды және 11 буынды жыр үлгісімен жазылған. Шығарма оқиғасы ертегі мазмұнына құрылған. Жеті жасар хан баласы Бозғұланның өз елін шапқан қалмақ ханы Өмірханнан кек алып, олжалы оралған ерлік істері баяндалады. Жырдың толық нұсқасын Ә. бөрібаев қызылордалық Б. Баймағамбетовтен жазып алған. Бұл нұсқа Әдебиет және өнер институтында қолжазбалар және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Батырлар жыры: Қобыланды батыр

Батырлар жыры: Қобыланды батыр

«Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер...
Қазақ билері туралы мәлімет

Қазақ билері туралы мәлімет

Қазақ билері – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ең беделді әрі әділдік пен тәртіптің сақталуын қадағалаған тұлғалар....
Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

Абайдың «Бай сейілді» сияқты өлеңдерінен бастап орныққан төрт буынды тармақпен жеті - сегіз буынды тармақтар араласып келуі осы өлең үлгісіне жатады....
Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

Аполог (грек. аpologos – баяндау, мысалдау) – ғақлияға, ғибрат айтуға құрылатын шағын көлемді, астарлы әңгіме. Өлең түрінде де жиі ұшырасады....
Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

«Ағыбай батыр» - тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802-1885) ерлік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×