Сайтқа кіру Тіркелу

Ш. Әлімбаев / Данышпандық формуласы

Ұлы Даланың рухани жауһары
Ш. Әлімбаев / Данышпандық формуласы

Шоқан Әлімбаев Жамбыл облысы Аса елді мекенінде 1941 жылы дүниеге келіп, жастық шағы Дунгановка деген ауылда өткен. Әке - шешесі ауыл мұғалімдері, мұғалімнен гөрі ауыл зиялылары дегеніміз шындыққа бір табан жақын болар. Өйткені әке - шешесі көп оқыған адамдар, әсіресе әкесі кітапқұмар жан болған. Демек, Шоқан Әлімбаев көз ашқаннан - ақ дүниежүзі классикасы толық жиналған үй - ішінің бай кітапханасынан сусындап өсті.
Мектепте өте жақсы оқығанмен, жоғары оқу орнына бірден түсе алмай, өзінің туған ауылында бір жыл жұмыс істейді. 1960 жылы ғана С. М. Киров атындағы ҚазМУ - дың филология факультетінің журналистика бөліміне түседі.
Шоқан Әлімбаев сол жылы оқуға түскен студенттердің арасындағы ең білімдісі еді десек, артық айтқандық емес. Ол университет қабырғасына әлем әдебиетінің інжу - маржандарын толық игеріп келіп түсті. Ол орыс, шетел әдебиеті лекцияларынан босатылып, өз бетінше оқуға мүмкіндік алды.
Міне, Шоқан Әлімбаев әдеби білімі, әдеби дайындығы жөнінен өз қатарларынан ілгері тұрды. Оны ұстаздар да мойындап әлгіндей жеңілдіктер жасаған.
Бірақ ол қанша білімді болғанмен, өмір сүруге мейілінше шорқақ адам еді. Жазушы болу үшін өмірді білу керек, ал ол таза кітаби жан болатын. Осы ретте ол құрдастарымен, яки орыс журналистика бөліміндегі әріптестерімен тіл табыса алмай, оқуын орысша оқығанмен, күнделікті өмірін филология факультетінің қазақ бөлімінің студенттерімен, атап айтсақ, Дүйсенбек Қанатбаев, Төлен Әбдіков, Қажығали Мұхамбетқалиев, Әнес Сарайлармен өткізді. Ол осы кезде қазақ әдебиетімен танысып, қазақ тілін әжептәуір меңгереді. Мұнысы оның кейінгі аудармашылық мамандығына елеулі әсерін тигізеді.
Шоқан Әлімбаев студент кезінен бастап, көркем әңгіме жазумен айналысады. Оның алғашқы әңгімесі америка кәсіби боксерлар өмірінен жазылған “Қара маржан” атты әңгіме. Бұл шығарма университеттің әдеби үйірмесінде талқыланып жоғары баға алғанмен, көп уақыт баспа бетін көрген жоқ. Ол кезде бізде кәсіби спорт дәріптелмейтін еді ғой.
Шоқан Әлімбаев төртінші - бесінші курстардан бастап генетика тақырыбымен, әсіресе данышпандық сыры мәселелерімен түбегейлі шұғылданды. Бұл да тың тақырып еді. Ондай мәселелер қазақ әдебиеті былай тұрсын, тіпті орыс әдебиетінде де сөз болған емес. Осы ізденістегі алғашқы жетістігі “Данышпандық субстанциясы” атты әңгімеден көрініс тапты. Ол кезде бұл әңгімені түсінген де, мән беріп мойындаған да жан баласы болмады. Дертті көңілдің сандырағы деп қабылдады.
Шоқан Әлімбаев бұл көзқарасқа онша мұқала қойған жоқ, данышпандық тақырыбын жалғастыра түсіп, 1966 жылы “Данышпандық альфасы” атты повесть жазды. “Данышпандық субстанциясы”, “Қара маржан”, “Данышпандық альфасы” 1967 жылы “Жазушы” баспасынан жеке кітап болып шықты.
Шоқан Әлімбаевтың қазақ әдебиетіне аты ауызға ілігуі – осы еңбегіне тікелей байланысты болды. Оны бірден - ақ қазақ фантастикасын бастаушы деп таныды. Бұған дейін де фантастика жанрында қалам тартушылар жоқ емес - ті. Бірақ Шоқан Әлімбаевтың қарымы бөлек еді. Ол қазақ фантастикасын бірден - ақ әлемдік өлшем деңгейіне көтерді. Жас қаламгердің жаңа туындысы Мәскеу мерзімдік баспасөзінде жоғары бағаланды.
Шоқан Әлімбаев данышпандық тақырыбын жалғастыра отырып “Данышпандық формуласы” атты роман жазды. Онысы 1982 жылы “Жазушы” баспасынан кітап болып шықты. Сүйікті, данышпандық тақырыбына арналған триптихтың соңғы нүктесі қойылды.
Шоқанның соңғы романы “Даналық формуласын” қатты науқас үстінде отырып, өзінің өмірі ұзақ еместігін білсе де, өмірлік тақырыбын соңғы нүктесіне жеткізуге тырысып бақты. Дегеніне жетті де. Бірақ романының қуаныш - қызығын көре алмады. Дей тұрғанмен, “Даналық формуласы” қазақ әдебиетінде өзінің лайықты бағасын алды.
Жарылқасын Нұсқабаев Шоқанның бар жазып - сызғанын жинақтап, қазақшаға аударып, бір томдық кітап етіп шығарып, үлкен азаматтық іс тындырды. Шоқан Әлімбаевтың шығармашылық мұрасы дегенде осы кітапты құрметпен ауызға аламыз.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шоқан Уәлихановтың  өмірі мен  шығармашылығы

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...
Шоқан Уалиханов - суретші

Шоқан Уалиханов - суретші

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Шоқан жайлы білімдерін толықтыру, Шоқанның суретшілік өнері жайлы мәлімет беру. 2. Оқушылардың сауаттылығын арттыру,...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Бала деп соққан бауырмал жүрек

Бала деп соққан бауырмал жүрек

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Альфия Асқарқызы Прназарова...
Р. Тоқтаров / Абайдың жұмбағы

Р. Тоқтаров / Абайдың жұмбағы

Рамазан Тоқтаров өз роман - хамсасында Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір емес, үш мәрте. Алғашында кадет корпусын бітірген жас офицер Шоқан әкесімен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×