Мақсаты: Зең саңырауқұлақтарының тіршілігін, түрлерін, құрылысын, бір - бірінен айырмашылығын, биологиялық маңызын теориялық, практикалық тұрғыдан меңгерту. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тәуелсіз ойлауына, өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Зең саңырауқұлақтарының тіршілігімен танысады, түрлерін, құрылысын ажырата біледі. Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым - қатынас жасайды, білімдерін нығайтады.