Сайтқа кіру Тіркелу

Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Жануарлар туралы алған білімдерін жинақтау. Білгендерін қайталау, тереңдету, дүниетанымдарын кеңейту. Біржасушалылардың табиғатта таралған түрлерінің құрылысындағы және тіршілігіндегі ортақ белгілерін, бір - бірінен негізгі ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық:
Оқушылырдың байқампаздығын, іскерлігін, ізденісін, шығармашылық қабілетін дамыту. Электронды оқыту дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушы іс - әрекеті арқылы қызығушылығын арттыру. Ақпараттық технологияны меңгеру дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік:
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу, жануарларды қорғауға, аялауға, тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география, орыс тілі, информатика, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А. Амандасу
Ә. Түгендеу
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін, сабақта берілген тапсырмаларға жауап беру кезінде алма, гүл, жапырақ бейнеленген белгілерді көрсету арқылы жүргізіледі.
Алма → жеміс → тапсырмаға толық жауап беру кезінде көрсетіледі.
Гүл → көбею мүшесі → тапсырмаға толық емес жауап беру кезінде көрсетіледі.
Жапырақ → өсімді мүше → тапсырмаға дайын емес кезінде көрсетіледі.

II. Үй тапсырмасы.
Оқушылардан үй тапсырмасына қандай тапсырмалар берілгендігі сұралады.
І. Кесте толтыру.
Жануарлар тіршілігі
№ Жануар түрлері Мекені Қозғалуы Қорегі Көбеюі Қауіпті жауы
1 Аққу
2 Көбелек
3 Құрбақа
4 Сазан
5 Тышқан
6 Қоңыз
7 Шыбын
8 Қоян
9 Жылан
10 Шегіртке

II. Берілген жұмбақтардың шешімін тауып, орыс тіліне аударма жасап, тіршілік орталарын атау керек. Жұмбақтың шешімі интерактивті тақтадан суреттер арқылы көрсетіледі.

1. Ұзын - ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгесіп,
Ұзартып қойған мұнардай.
(Өрмекші)
2. Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көріңіз,
Шешуін кім табады.
(Қоңыз)
3. Басы тарақ, арты орақ.
(Қораз)
4. Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.
(Үкі)
5. Орманнан шығар,
Сырты шұбар.
Ала түрлі,
Кілтең сырлы.
(Жылан)
6. Асты тас,
Үсті тас.
Ортасында шандыр бас.
(Тасбақа)
7. Тарпаң, тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.
(Бақа)
8. Өзі шұбар.
Тамағына таққаны,
Екі тұмар.
(Шортан)
9. Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады.
(Қасқыр)
10. Жол үстінде қу қазық,
Мергеншіге жол азық.
(Қоян)
Интерактивті тақтадан ағаш, жануарлар мен жәндіктер, сол секілді табиғат көрінісі көрсетіледі.
Ағаш пен жануарлардың арасында қандай байланыс бар? Мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақ:
І кезең: Жаңа сабақты тірексызбалар арқылы түсіндіру.
ІІ. кезең. Электрондық оқулық арқылы біржасушалылардың құрылысын, қозғалысын көрсету.
ІII кезең. Тест тапсырмасы «Қарапайымдар»

Тест.
1. Қазіргі кезде қарапайымдардың қанша түрі бар?
а) 50000 б) 40000 в) 70000 г) 20000
2. Жарықта түсі жасыл болатын жәндікті ата.
а) амеба б) эвглена в) вольвокс г) арцелла
3 Шоғыр болып, тіршілік етуге бейімделген ағзаны ата.
а) вольвокс б) арцелла в) амеба г) эвглена
4. Дене тұрқы 0, 5 мм қарапайымды ата.
а) эвглена б) амеба в) кебісше г) вольвокс
5. Тамыраяқтылар тобына жататын ағзаны ата.
а) эвглена б) арцелла в) вольвокс г) кебісше
6. Дене пішіні тұрақты, дене тұрқы 0, 2 мм алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір ағзаны ата.
а) эвглена б) арцелла в) кебісше г) амеба
7. Амебаның қозғалу мүшесін ата.
а) кірпікше б) талшық в) жалғанаяқ г) вакуоль
8. Эвгленаның қозғалу мүшесін ата.
а) вакуоль б) кірпікше в) талшық г) жалғанаяқ
9. Тұрақсыз құрылымдар қарапайымдардың қай бөлігінде болады?
а) ядро б) цитоплазма в) вакуоль г) жасуша – мембрана

10. Тітіркенгіштік:
а) қозғалу б) әр түрлі әсерге жауап беру в) қоректену
г) плазмолемма

IV. кезең Бағалау
V кезең. Үйге тапсырма: §32 Оқу, Мына берілген сөздерді қолдана отырып, эссе жазу.
Табиғат, қарапайымдар, су, ауа, күн, микроскоп, ғалымдар, қорғау, зерттеу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кәдімгі амебаның құрылысы мен тіршілік әрекеттері

Кәдімгі амебаның құрылысы мен тіршілік әрекеттері

Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі туралы білім...
Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жинағы

Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жинағы

Жануарлар әлемі. Жәндіктер. 1. Зоология ғылымы... зерттейді: А) жануарларды В) өлі табиғатты С) жапырақтарды Д) ауаны Е) өсімдіктерді 2. Дизентерия...
Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік

Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік

Мақсаты. Кірпікшелі кебісшенің тіршілік әрекеті көбеюі маңызы. Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік пен ізденімпаздығын дамыту. Тәрбиелігі:...
Деңгейлік тапсырмалар

Деңгейлік тапсырмалар

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәнінің мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Жасуша ядросы

Жасуша ядросы

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×