Алтын мұртша немесе хош иісті каллизияның (Collision fragrans) 50 туысы және 500 түрі кездеседі. Каллизияның отаны – Оңтүстік Америка.
Бөлме өсімдігі ретінде каллизияны 100 жылдан бері өсіріп келеді. Бұл өсімдік бойының ұзындығы 10метр. Тіке және көлбей түрінде өседі.
Бастапқы өскіні жас жүгерінің өскініне ұқсас. Жақсы жетілген жапырағының ұзындығы 20 - 30 см, ені – 5 - 6 см. Көлбей өскен өскіндері лиана тәрізді. Осы өсімдіктер арқылы көбейеді. Жақсы қолайлы жағдайда гүлдейді. Гүлдері ұсақ, диаметрі 1 см.
Алтын мұртша емдік қасиетімен ерекшеленеді.
Өсімдіктерді үй жағдайында өсіруге қызығушылар да, оны өсіруге құмарлар да бір жақты, үнемі бір жақты әрекеттерімен шектеліп отырады. Кейбір өсімдіктердің табиғи ерекшеліктерін, яғни адам ағзасына пайдалы емдік қасиеттеріне мән беріле бермейді. Біз өз жұмысымызды қолға алмастан бұрын үй жағдайында өсетін өсімдіктердің біразын зерттедік. Соның ішінен бізді «Алтын мұртша» деп аталатын бөлме өсімдігі ерекше қызықтырды. Сөйтіп бұл өсімдікті үй жағдайында отырғызылуын, өсіруін, зерттей отырып, оның көптеген ауруларға емдік қасиеті бар екенін толық жинақтадық. Емделу үшін қалай пайдалану қажеттігін толық келтіруге ұмтылдық. Сөйтіп, адам ағзасында кездесетін 40 ауруға ем бола алатын Алтын мұртша өсімдігін өсіруді, пайдалануды, насихаттауды өз парызымыз деп санаймыз.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.