Ашық сабақтың тақырыбын
«Агрономия және шарап жасау технологиясы» пәндер кафедрасының мәжілісінде қаралып мақұлданған.
Кафедра меңгерушісі: Аханов Д. Д.
Сабақтың тақырыбы: Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әрбір студенттің және бүкіл группаның оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру, мутациялық өзгергіштік білімдерін ұғындыру туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ұжымдық жұмыс орындай білу дағдыларын қалыптастыру, студенттердің өздігінен ойлау, өз жетістіктерін сезінуді үйрету.
Тәрбиелік: Алған білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге, ғылымға қызығушылықтарын ояту, өз білімін ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кроссворд, кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Әңгімелесу, жылдам ойлануға, келелі мәселелерді қоя білуге үйрету әдістері, деңгейлік тапсырмалар орындай білу.
Пән аралық байланысы: биология, валеология.
Сабақты өту жоспары:
I. кезең. Ұйымдастыру.
II. кезең. Өтілген тақырыпты пысықтау.
III. кезең. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. кезең. Білімдерін бағалау.
V. кезең. Үй тапсырмасын беру.
VI. кезең. Сабақты аяқтау. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
II. Өтілген тақырыпты пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұрау, тексеру.
1. Мутагендердің үш түрі?
2. Селекция дегеніміз не?
3. Селекцияның теориялық негізін қалаған кім?
4. Бірінші рет қырыққабат пен шомырды будандастырған орыс ғалымы?
5. Жасушаның хромосомалар санының өзгеруінен туындайтын геномды мутация?
6. Радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері, гамма сәулелері, жоғарғы немесе төмен температура туғызатын мутагендер?
7. Зәйтун ағашы, орманжапырақ, көптеген көкөністер мен мал азықтық дақылдарының орталығы қай жер?
8. Жылқы мен есекті шағылыстыру нәтижесінде алынған ұрпақ?
9. Темекі мен махорканың арасынан алғаш рет будан алған ғалым?
10. Колхицин, этиленамин, никотин қышқылдары туғызатын мутагендер?
11. Геномда мутация тудыратын вирустар?
12. Сорт немесе тұқым дегеніміз не?
13. Мутация тудыратын фактор?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мутация және мутагенез оның селекциядағы маңызы.
Мутация барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Бірақ көбінесе жануарлар мен адамдар үшін зиянды болып келеді. Себебі организмде қалыптасқан үйлесімділік бұзылады. Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" — сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет.
Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H. И. Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады. Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция. Өсімдіктердің сорттарын микроорганизмдердің жаңа штампыларын шығаруда дәстүрлі әдістермен қатар мутацияларды да пайдаланады. Мутацияны шығу табиғатына қарай: табиғи (спонтанды) және қолдан тудырған мутациялар деп бөледі. Табиғи мутациялар ғалымдардың пікірі бойынша, зат алмасу кезінде ДНҚ ретінің рекомбинациясы, екі еселенуі, репарация және репликация процестерінен туындайды деген болжам бар. Табиғи мутациялар: гендік, хромосомалық, соматикалық, генеративтік мутациялар болып бөлінеді. XX ғасырдың 20 — 30 - жылдарында рентген сәулелері және химиялық қосылыстардың кейбір түрлері тірі организмде тұқым қуалайтын мутациялар тудыратыны анықталды.
Селекция үшін генетиктер мутацияны қолдан тудыратын әдістерді жасай бастады. Сонымен мутациялық селекция пайда болды. Мутация тудыратын факторларды мутагендер деп атады. Мутацияның пайда болу процесін мутагенез дейді. Көпшілік жағдайда организмде пайда болған мутациялар жағымсыз әсері болғандықтан, оның тіршілік қасиеттерін төмендетеді. Сонымен қатар селекция үшін маңызы бар мутациялар да кездеседі. Әсіресе олар микроорганизмдер селекциясында кеңінен қолданылады. Мысалы, ультракүлгін сәулемен әсер ету арқылы пенициллиум саңырауқұлағының жаңа штампысы алынды. Олар бастапқы түрлеріне қарағанда пенициллинді мың есе көп түзеді. Сол сияқты рентген және басқа да сәулелермен әсер етіп, практикада мукор, ашытқы саңырауқұлақтарының, азотобактериялардың жаңа қасиетке ие жаңа түрлері алынды.
Білім баспалдағы.
1. Жер бетіндегі тірі организмдердің ең жоғары сатысы – адам
2. Селекцияның негізгі әдістерінің бірі? Будандастыру
3. «Нар жолында жүк қалмас» мәтелі қай түлікке қатысты – түйе
4. Қазақстандағы қала – Қарағанды
5. жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, шығарудың әдістерін зерттейтін ғылым – Селекция
6. сүтқоректілерде мінез - құлыққа жауапты орталық нерві жүйесі - Ми
7. адам денсаулығы туралы ғылым - Валеология
м
У
Т
А
Ц
И
Я
Жаңа сабақты бекіту:
Жаңа сабақты төмендегі сұрақтар бойынша бекітеміз.
1. Н. И. Вавилов өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау мақсатында қанша экспедиция ұйымдастырды?
2. Гетерозис құбылысын американ ғалымы В. Шелл алғаш рет қай жылы байқайды?
3. Қай жылы Г. Д. Карпеченко қырыққабат пен шомырды будандастыру арқылы мол ұрпақ беретін түраралық будан алды?
4. Н. И. Вавилов қанша ауыл шаруашылық өсімдіктер түрінің коллекциясын жасады?
5. Жұмсақ бидай осыдан қанша жыл бұрын орталық Еуропада өсіріле басталды?
6. Дүние жүзінде мутациялық селекция әдісімен қанша өсімдіктердің жаңа мутанттары алынды?
IV. Білімдерін бағалау.
V. Үй тапсырмасын беру. Осы тақырыпты оқып келу, глоссарий.
VI. Қорытындылау. Сабақты аяқтау. Осымен сабағымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз.
Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы
- Erjan
- 20 қаңтар 2014
- 17541
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімд ...
Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл...Мутация
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштіктің түрлері; оның типтері және болу себептерімен таныстыру, ағзаға әсері жайлы білім беру....Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып,...Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдісі
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық...Сорт туралы ұғым
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.