Ашық сабақтың тақырыбын
«Агрономия және шарап жасау технологиясы» пәндер
кафедрасының мәжілісінде қаралып мақұлданған.
Кафедра меңгерушісі: Аханов Д. Д.
Сабақтың тақырыбы: Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әрбір студенттің және бүкіл группаның оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру, Мичуриндік әдістерін ұғындыру туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ұжымдық жұмыс орындай білу дағдыларын қалыптастыру, студенттердің өздігінен ойлау, өз жетістіктерін сезінуді үйрету.
Тәрбиелік: Алған білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге, ғылымға қызығушылықтарын ояту, өз білімін ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, фильфорт, сөзілгек ойыны.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Әңгімелесу, жылдам ойлануға, келелі мәселелерді қоя білуге үйрету әдістері, деңгейлік тапсырмалар орындай білу.
Пән аралық байланысы: биология, валеология.
Сабақты өту жоспары:
I. кезең. Ұйымдастыру.
II. кезең. Өтілген тақырыпты пысықтау.
III. кезең. Жаңа материалды түсіндіру.
IV. кезең. Білімдерін бағалау.
V. кезең. Үй тапсырмасын беру.
VI. кезең. Сабақты аяқтау. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
II. Өтілген тақырыпты пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұрау тексеру, «кім жылдам», «фильфорд», «сөзілгек» ойындар арқылы қайталау.
1. Мутагендердің үш түрі?
2. Селекция дегеніміз не?
3. Селекцияның теориялық негізін қалаған кім?
4. Бірінші рет қырыққабат пен шомырды будандастырған орыс ғалымы?
5. Жасушаның хромосомалар санының өзгеруінен туындайтын геномды мутация?
6. Радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері, гамма сәулелері, жоғарғы немесе төмен температура туғызатын мутагендер?
7. Зәйтун ағашы, орманжапырақ, көптеген көкөністер мен мал азықтық дақылдарының орталығы қай жер?
8. Жылқы мен есекті шағылыстыру нәтижесінде алынған ұрпақ?
9. Темекі мен махорканың арасынан алғаш рет будан алған ғалым?
10. Колхицин, этиленамин, никотин қышқылдары туғызатын мутагендер?
11. Геномда мутация тудыратын вирустар?
12. Сорт немесе тұқым дегеніміз не?
13. Мутация тудыратын фактор?
Фильфорд.
Мына фильфордта будандаспаушылықты жою әдістері сөздерін шығарыңдар
В
О Р
К Д
Б Е
П И Г
Л Ц
Т П
А Н
Жауабы: ВЕГАТИВ, БИОТИК, РЕЦИПРОК, ПЛОИД, ГЕНЕТИКА.
«Сөз ілгек» ойыны.
Будандастыру тақырыбынан бір сөзден бастап, келесі студент ең соңғы әріптен жалғастырады!
Бекросс - Салануле экауле - егістік - конвергент - тозаңдандыру -...
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алшақ будандастырудың Мичуиндік әдістері.
И. В. Мичурин жасаған будандастыру жұмыстарының принциптері мен әдістерін, қолданып, одан әрі дамытудың маңызы зор. Ол адам үшін пайдалы белгілер мен қасиеттерді барынша ұштастыратын будан алу мақсатында ұрықтану процесін басқару жолдарын іздестіруде жемісті еңбек етті. Осы мақсатпен И. В. Мичурин бірінші болып жеміс ағаштары селекциясында әріден будандастыру әдісін қолданып, будандасушылықты және алшақ будандастырудың ұрықсыздығын жою әдістерін жасады. Ол ата - ана өсімдіктерінің жасын жалпы күйін, аналық өсімдіктердегі тозаңданатын гүлдердің орналасқан жерін есепке алды. Алдын ала вегетативтік жақындастыру әдетте өзара будандаспайтын түрлерді будандастыруға мүмкіндік берді.
Әдістің мәні будандастырылатын өсімдіктерді алдын ала телуде. Бірінші гүлдегенде телінген аталық өсімдіктің тозаңымен теліткен аналық өсімдікті тозаңдандырады.
Делдал әдісі 3 түрді будандастыру болып табылады. Түрлердің бірі алшақ будан алу мақсатында алдын ала басқа түрмен будандастырылады да, одан алынған будан үшінші түрмен будандастыру үшін пайданылады. Мичурин делдал әдісін жабайы шабдалыны мәдени шабдалымен будандастыруда пайдаланды. Делдал әдісін кейде картоптың мәдени түрін кейбір жабайы түрлерімен будандастыруда ойдағыдай қолдануға болады. Бұл түрлер алдын ала Соланаумэкауле өсімдіктермен будандастырылады, ал алынған будан - делдалды мәдени картоптың күні бұрын таңдап алынған сорттарымен будандастырады.
Тозаң қоспасымен тозаңдандыру әдісі. Аналық өсімдіктің аналық аузына басқа әр түрлердің, тіпті туыстардың тозаңды қоспасын салады. Мичурин осы әдіспен алма мен алмұрттың, сары өрік пен қара өріктің, шие мен мойылдың, айва мен алмұрттың будандарын алды.
И. В. Мичурин географиялық алыс формаларды будандастыруға ерекше маңыз берді. Алмұрттың «қысқы Берре» сорты, жабайы уссури алмұрты мен оңтүстікте өсетін француздың Берре сортын будандастыру арқылы алынды. И. В. Мичурин Бельфлер - Китайка сортын шығару барысында буданның қолайсыз белгілерін көшіріп, бағалы белгілерін күшейтетін ментор әдісін жасады. Мичурин жасаған бұл әдістерді қазіргі кезде ғалымдар тәжірибеде кеңінен қолданылуда.
Мәдени түрлерді жабайы түрлермен будандастырудан алынған будандарда, әдетте, соңғыларының белгілері басым келеді. Мәдени түрге тән бағалы белгілер мен қасиеттерді күшейту үшін қанықтырушы будандастыру әдісін қолданды.
Будандардың нашар өсімталдығы немесе толық тұқымсыздығы жаңа мәселе болып танылады. Бірінші ұрпақ буданның тұқымсыздығын болдырмау үшін қайыры будандастыру мен өсімдіктің хромасомалар санын екі еселеуді қолданады.
Буданның ұрықсыздық дәрежесі будандастырылатын түрлердің филогенездік қатынастарына, бірінші ұрпақ өсімдіктерінде гомологиялық хромосомалардың немесе тұта геномдардың бар - жоқтығына байланысты. Толық асинтез жағдайында өсімдіктер толығынан тұқым бере алады, мысалы, қара бидай - бидайық, бидай жауқияқ және басқа будандар.
Ең болмаса жекелеген тіршілікке икемді гаметалары бар будандастырудың тұқымсыздығын болдырмауды амфидиплоидия жолымен ғана емес, сонымен қатар ата - ана түрлерінің бірімен қайта будандастыру (бекросс) арқылы да жоюға болады.
Сөйтіп алшақ будандастыру адамға түр құбылыстарын жасауды бастап беріп, оларды іске қосуға, қайыра будандастырулар (бекросс) арқылы оны тиімді арнаға бағыттауға, жаңа түрлерді «конструкциялауға» мүмкіндік берді.
АВхАА(А немесе АВ)
Белгілі бір транслокациялар және жасушалар культурасын шығаруға мүмкіндік туды (еске сала кетейік, транслокация дегеніміз – хромосоманың бөлігін басқа хромосомаға көшіру). Олардың құндылығы қайсыбір геннің қай хромасомада орналасқаның ғана емес, сонымен бірге осы хромасоманың нақты қай учаскесінде орналасқаның анықтауға болады. Қайсыбір генмен қоса, бөтен хромасоманың бөлігін қосып алған хромасома жоғалғанда, оның өзімен қоса нақ қандай генді ала кеткені дереу айқын болады (әрине, егер оның өз гендері анықталып тіркелген болса). Түрлі транслокоциялары бар жасушаларды қолдан жасап ала отырып, хромосомалардың жеке бөліктерін кезекпе «алып тастауға» және осылайша жеке гендердің орналасқан жерлерін дәл анықтауға болады.
Қазіргі түраралық будандар әдісінің шапшаң дамып бара жатқандығы соншалық, кезекші хромасоманың жоғалуы мен ақуыздың құрып кетуі арасындағы байланысты анықтау үшін ЭЕМ - ді пайдалануға тура келіп отыр.
Гендерді айқындаудың барлық осындай әдістері әзірге адамның шамамен 100 шақты генінің орның табуға мүмкіндік берді. Тұқым қуалаушылықтың толық картасын жасау алдымен бала туғанға дейін тұқым қуалайтын ауруларды болжап айтуға, ал кейінен генетикалық аппаратқа операция жасауға, оның ақауы бар бөлшегін жаңа, сау жасушадан алынған немесе зертханада синтезделген бөлшекпен (гендерді синтездеу) ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік береді.
Кейбір мамандардың пікірінше, бес - он жылдан кейін іс жүзінде барлық тұқым қуалайтын ауруларды эмбрионның дамуының ерте кезеңдерінде анықтау мүмкін болады. Бұған дейін, сірә, адамның генетикалық картасында шамамен мың шақты гендер орналасқан жерлері анықталды.
Жаңа сабақты бекіту:
Жаңа сабақты төмендегідей сұрақтар бойынша бекітеміз.
1. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгерткіштігі дегенісіз не?
2. Генетикалық сұрыптау әдісінің тұжырымы мен буданның бірінші ұрпағының біркелкілік ережесі неде?
3. Басым болу (доминант) дегеніміз не?
4. Буданның екінші ұрпағының жіктелуі мен гаметалардың тазалық заңдылығының тәртібі (ережесі) қандай?
5. Мутация дегеніміз не Оның ағзалардағы эвалюциясы мен селекциядағы маңызы неде?
6. Полиплоидия дегеніміз не?
7. Тұқым қуалаушылық өзгергіште гомологиялық қатар заңдылығының мәні неде?
8. Будандастыру дегеніміз не, ол не үшін қолданады?
9. Будандастырудың қандай түрлері бар, олар қалай пайдалынады?
10. Өсімдіктерде қолдан будандастыруды қалай жүргізеді?
Қорытындылау.
Біз бүгін қандай тақырыпты сөз қозғадық, нені ойға тоқып - үйренуге тиіспіз?
Нені білемін?
Не білдім? Нені білгім келеді?
Білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасын беру. Осы тақырыпты оқып келу, глоссарий
Сабақты аяқтау. Осымен сабағымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз.
Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдісі
- Erjan
- 20 қаңтар 2014
- 8807
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдісі
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімд ...
Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл...Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өза ...
Комплементарлық деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы,...Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық...Сорт туралы ұғым
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық...Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Имангалиева Галия Жумабаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.