Сайтқа кіру Тіркелу

Зең саңырауқұлақтары

Мақсаты: Зең саңырауқұлақтарының тіршілігін, түрлерін, құрылысын, бір - бірінен айырмашылығын, биологиялық маңызын теориялық, практикалық тұрғыдан меңгерту. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тәуелсіз ойлауына, өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Зең саңырауқұлақтарының тіршілігімен танысады, түрлерін, құрылысын ажырата біледі. Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым - қатынас жасайды, білімдерін нығайтады.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқытуда қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Білім беруде АҚТ пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтастыру, бағалау, ғаламтормен жұмыс, Блум таксаномиясы, диалог, зертханалық жұмыс, бақылау, қорытындылау.
Ресурстар: Интерактивті тақта, ноутбук, оқулық, слайдтар, үлестірме қағаздар, микроскоп, микропрепараттар, мукор, аспергил, пеницилл зең саңырауқұлағы, электромикроскоп

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушының іс - әрекеттері Сабақтың әдіс - тәсілдері Бағалау

Ұйымдастыру
2 мин
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Сергіту сәті «Жылы лебіз». Оқушыларды түрлі – түсті гүлдер үлестіру арқылы топқа бөлу. Раушан гүлінің ашылуы, қозғалып өсу бейне материалын көрсету.(Әуенмен)
Оқушылар сабаққа назарын аударып, бір - біріне қарама - қарсы тұрып жылы лебіз сыйлайды. Түрлі – түсті гүлдер таңдау арқылы 4топқа бөлінеді. Бейнематериал әуенін тыңдап, оқушылар топтық бірлесу, гүлдің қозғалып өсу, ашылуын көрсетеді.
СТО
Формативті
Топ оқушылары шапалақ соғу арқылы бірін - бірі бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру.
6 мин Үй тапсырмасы топтарға сурет, суретті слайдтар арқылы беріледі. Слайдтар(1, 2, 3, 4) оқушылардың ноутбуктерінде сақталған. Оқушылар топпен талқылап, тақырыптарын қойып, диалог жүргізіп, қорытындылайды. 4 - топтың слайд тақырыптары: 1. Саңырауқұлақ ағзасының ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі, көбеюі. 2. Өсімдіктерге және жануарларға тән белгілері. 3. Саңырауқұлақ жасушасының құрылысы. 4. Біржасушалы саңырауқұлақтар. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы орындайды, топ пікірлесіп, диалог қалыптастырып, үй тапсырмасын қорытындылайды.
Диалог
СТО
Формативті
Топ оқушылар бір - бірінің дұрыс жауабын тыңдап, өзара диалог қалыптастырып бағалау жүргізеді.
Жаңа сабақ
Білу
7 мин
Интерактивті тақтадан зең саңырауқұлақ түрлерін көрсету. Оқушыларға сұрақ қою. Тақтадағы суретті көрсетілімдер және бүлінген тағамдар(нан, алма, қызанақ) туралы не білесіңдер? Күнделікті өмірде кездесе ме? Оқушылардың жауабын тыңдап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Жаңа сабақта кездесетін терминдік ұғымдармен жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға оқулықтан теориялық білім қалыптастыру тапсырмасы беріледі.
Оқушылар өз ойларын түсіндіреді. Өзара диалог жүргізеді. Жаңа терминдік ұғымдарды дәптерге жазып алады. Оқулық бойынша жаңа сабақтың мазмұнын түсінеді.
СТО
Диалог
Формативті
Мұғалім оқушылардың берген жауаптарын бағалайды.
Түсіну
Ой толғаныс
5 мин Әр топ ноутбук арқылы «wwwYoutube. com»cайтынан «Гриб мукор» бейне материалын көреді. Әр топ өзара бейне материал бойынша түсінік жүргізіп, талқылайды, білімдерін кеңейтеді. Оқушылар берілген сайттан бейне жазбаларды қарап, жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейтеді. Топ өзара қорытындылайды. Ғаламтор - н жұмыс
СТО
Формативті
Топ оқушылары шапалақ соғу арқылы бағалау жүргізеді.
Зертханалық жұмыс
Анализ
Синтез
7мин
№2 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Ашытқы және зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау.(Оқулық 31 бет ) Оқушылар жұппен жасаған микропрепараттарын, дайын микропрепараттарды микроскоппен көріп, электромикроскоппен мұғалім тексеріп, интерактивті тақтадан оқушылар анықтаған, зең саңырауқұлақтарын көрсетеді. Суретке түсіріп сақтайды.
Оқушылар дайындап көрген препараттарын мұғалімге тексерту мақсатында электромикроскоппен интерактивті тақта арқылы оқушыларға көрсетіп, қорытынды жасайды. Зертханалық жұмыс дәптерлерін толтырады.
СТО
Зерттеу
Бақылау

Оқытуды бағалау
Мұғалім зертханалық жұмыс қорытындысы бойынша оқушыларды бағалайды.
Бағалау
2 мин

Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, жеке оқушыларды бағалайды. Бағалау мақсатында критерилері бар бағалау парағы оқушыларға беріледі.
1 - қосымша да көрсетілген Топ басшылары сабақ кезеңдерінде белсенділік танытқан оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.
Бағалау
Оқуды бағалау
Мұғалім сабаққа белсенділік танытқан оқушыларды бағалайды.

Үйге тапсырма
2 мин
Зертханалық жұмыс бойынша анықтаған зең саңырауқұлақтарының суреттерінен слайдтар дайындау. Жұмбақтар құрастыру. Зең саңырауқұлақтары туралы қызықты сұрақтар құрастыру.
Оқушылар үй тапсырмасымен танысады.

Рефлексия
2 мин
Оқушылар сабақ туралы өз ойларын, пікірлерін білдіру керек.
Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×