Сайтқа кіру Тіркелу

Балуан Шолақ

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет) (1864 – 1916) — қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.

Сырым Датұлы

Сырым Датұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783 – 1797 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.

Райымбек батыр

Райымбек – батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1 - жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға елші жіберген.

Өтеген батыр

Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан. Өтегеннің ата - бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған.

Наурызбай батыр

Наурызбай батыр Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп - тік, белі жіңішке.

Қарасай батыр

Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға.

Жәнібек батыр

Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасынан шыққан.

Жасыбай батыр

Жасыбай батыр – 18 - ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған ірі тұлға. Әкесі Өмірәділ от ауызды, орақ тілді шешен адам болған.

Жалаңтөс батыр

Жалаңтөс Сейітқұлұлы Сырдария өзенінің бойы, Нұрата аймағында дүниеге келген. Жалаңтөс батыр – мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы Жалаңтөс батыр бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (Сейітқұл 1570 жылы өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп, хан болады.

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789 — 1864) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт - азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан.
Артқа 1 2 Алға
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×