Сайтқа кіру Тіркелу

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Сәмеке ханның тұсында қалмақ ханы Зерен қалың қолмен қазақ жеріне шабуыл жасап, тұтқиылдан сау ете түседі. Сарбаздарының аздығынан жасқанбай, жауға қарсы қазақ ханы да шыққан. Атасынан бата алып 17 жасында осы шайқасқа қатысқан Қазымбет жекпе - жекке шығып, қалмақтың Жолан деген батырының басын алған.
Тағы бір шайқаста жүз қаралы қалмақ сарбаздарын қолға түсіреді. Сол қолға түскендердің сауыт - саймандары шешілгенде жалғыз бұрым болып өрілген шашы тірсегіне түскен, аса келбетті әйелдің ерлер қатарында жорықта жүргендігі анық болды. Сөйтсе, қалмақтың Қаранай деген батыры қанжығалы Бөгенбаймен жекпе - жекте өледі. Ерінің кегін алу үшін ерлер қатарында жауға шауып жүрген сол Қаранайдың әйелі Таңшебер екен.
Ер қадірін құрмет тұтқан әрі әйелдің жүрек жұтысы болған соң да «бұдан туған ұрпағым кем, қор болмас» деген оймен Қазымбет батыр Таңшебермен неке қидырады. Сол Таңшеберден Келдібек, Жаулыбай, Майлыбай атты үш ұл туған.
Бөгенбай қолынан өлген Қаранайдан Қабек деген ұл қалыпты. Қабек жиырмаға жетер - жетпес жасында әке кегін қайтарып, шешесін қазақ қолынан құтқарып әкетуге көп қолмен келеді. Қазымбет батыр Таңшебердің өзіне қосақ болғалы көрсеткен ізгілігін әділ бағалап, өзімнен туған ұлдарым өзімде қалса, тұла бойы тұңғышынан ажыратып алып қалғанын әділдік болмас деп, Таңшеберге ерік береді.
Қабек батырдың сарбаздарына арнайы үй тігіп, дастарханнан ас - су ішкізіп, Таңшеберді жөнімен, қыз ұзатылатындай салтанатпен шығарып салады.
Қазымбет - талай - талай жау тобының ұйқы - тұйқысын шығарып, жекпе - жекке келгенде жарақтысын жайратқан даңқты батыр.
Тағы бір шайқаста аңдыған жаудың ашынған тобы қырылғанына қарамай Қазымбетті қоршауға алады. Ту ұстаған батырды өлтіріп, туды құлату – екі жақтың да мақсат нысанасы. Тұс - тұсынан қылыш шабылып, найза сұғылып жатса да батыр ақырғы қайратын жұмсап, қарысып баққан. Сол сәтте қалмақ туы жығылып, Қабанбай туының астында сарбаздар (Қазымбет ұстаған тудың) жиналады. Денеге түскен жарадан, қолындағы бар қаруы жерде жатқан Қазымбет туды қасарысып ұстаған күйі, ат үстінде тік отырған қалпы жан тапсырған екен. Жанындағы серіктері ат үстінен түсіргенде қос етігіне қан толып қалыпты.
Батырдың серіктері өліміне қайғырса да, ерлігіне таңдай қағысқан сонау жорықты жылдардан «Ту түбінде тулап өлген Қазымбет» дейтін батыр даңқы бүгінге жеткен.
Найман шежіресінде:
«Мұрыннан тізе берсең маңғазы көп,
Бай, батыр, би, бағлан сарбазы көп.
Бойында үш Шәулінің өлген екен,
Қазақтың туын жықпай ер Қазымбет.
Қапысыз ажал келсе кім өлмеген,
Шыңғожа, Шөңкейді де шілдерлеген.
Қос жебе өндіршектен қадалса да,
Қазымбет тудың сабын жібермеген», -
деп жазылған.
Қазымбеттің бүгінгі ұрпақтары Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Үржар, Көкпекті, Аягөз аудандарында тұрады. Мен өзім де рухы асқақ Қазымбет батырдың тікелей ұрпағымын. Үржар ауданы, Қазымбет батыр атындағы ауылда ғұмыр кешудемін. Батыр бабаның ұрпағы болу – біз үшін қашан да мәртебе! Қазымбет батыр рухына мың тағзым!

Қайырбек СЕРІКҰЛЫ,
Семей тарихи - өлкетану музейінің
Үржар ауданындағы филиалы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Барақ батыр

Барақ батыр

Көкжал Барақ Шүрекұлы (1701 - 1771) Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауылының Қызылсу - Шар өзені маңындағы Көкжар деген жерде өмірге келген...
Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы

Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы

Мақсаты: Қабанбай батыр туралы, оның ерлігі жайлы түсінік алып, ой - өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, картадан жер, өзен - көл атауларын табу...
Райымбек батыр

Райымбек батыр

Райымбек – батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1 - жартысында жоңғарларға...
Қарасай батыр

Қарасай батыр

Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға....
Жасыбай батыр

Жасыбай батыр

Жасыбай батыр – 18 - ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×