Сайтқа кіру Тіркелу

Барақ батыр

Барақ батыр.
Көкжал Барақ Шүрекұлы (1701 - 1771) Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауылының Қызылсу - Шар өзені маңындағы Көкжар деген жерде өмірге келген. Көкжар Барақ найманның бір буыны - ергенектіден тарайды. Барақ он алты жасында ұрысқа еніп, найза қағыстыра бастайды. Аңыз бойынша оның көк желкесінен бастап құйымшағына дейін тұтасқан жалы болғандықтан, қосалқы есімі Көкжал Барақ аталып кеткен.
Көкжал Барақтың елді елең еткізген ерліктерінің бірі Ойрат батыры Убашумен Қызылсу - Шар өзенінің төменгі ағысындағы шайқасы. Сонда қалмақ батырлары Күрсінмен, Ноян, Зайсанмен, Далаңқарамен, Жоянмен жекпе - жектері ел арасына аңыз болып тараған.
Он алты жасында жауынгерлер қатарына қосылып, жиырма жасында қол бастаған Көкжал Барақ 54 жыл ғұмырында қазақтың елі мен жерін қорғауда ат үстінен түспеген. Сарыарқаның Ұлытауы мен Ұланбелі маңындағы, Жетісудің Іле бойындағы, Ташкент түбіндегі соғыстарда Абылайдың ақ туының астында ерекше ерліктерімен әйгілі болған. Көкжал Барақ Ақсу және Қызтуған өзендерінің Шуға құятын тұсындағы кең алқапта қырғыздармен болған айқаста 69 жасында қаза тапқан.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×