Ұлы Дала елінің дарабоздары
РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ
Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне Қызыл Туды тікті.
Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата - анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика - зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған «Штурм» деген кітабында жан - жақты баяндады. Оның балалық шағы туысқансыз һәм жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.
Ол осындай алғашқы, жартылай әскери және қатаң шынығумен 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. Көкшетаулық полктегі әскери қызметтің жағдайы аса ауыр болды, қала мұндай ірі әскери бөлімді орналастыруға дайын емес еді, казармаға, асханаға, сабақ өткізуге, штабқа және басқа да әскери ұйымдар мен әскери қызметкерлерге арналған үйлер болмады. 1943 жылдың жазында полктен офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды. Рақымжан осы топқа ілігіп, Ресейдің Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе қаласында орналасқан офицерлік училищеге келеді. Рақымжан училищенің қоғамдық өміріне белсене араласты және партия мүшелігіне кандидат болып қабылданды. Бүл жағдай салтанатты түрде өткізілді, оның әскери қызметке деген адалдығы мен ынталылығы, жақсы әскери және дене шынықтыру даярлығы да аталды. Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді. Р. Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3 - ші пәрменді армиясына 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жетті. Армия штабы Брест маңындағы Седле стансасына орналасыпты.
Рақымжанның майдандағы соғыстарға қатысуы мерзімді баспасөзде және көркем әдебиетте жан - жақты жазылды. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды, Шпрееге — соңғы сулы бөгетке және Король алаңына — «Гитлердің үйіне» бірінші болып жетті. «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталды. Одер өзенінен өтудегі қанды шайқастан кейін оны партия мүшелігіне қабылдады. Ал партия билеті аса маңызды бекіністі және саяси маңызды мақсатқа жетудің мадақтау белгісі ретінде «Гитлердің үйінде» табыс етілді. Осында, «Гитлердің үйінде», барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл Туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті.
«Гитлер үйі» мен Рейхстагқа дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан - жағынан оқ жаудырылған ашық алаң үстінде еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бүл сәуірдің 30 - ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды. Бұрынғыдай мұнтаздай, денесі тіп - тік, келбетті жігіт қалпы.
Омырауын жауынгерлік «Қызыл Ту», «бірінші дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары ажарландырып тұрды. «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Халық қаһарманы атағы Р. Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді. Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия жөне майдандас досы Ж. Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Р. Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Рақымжан Қошқарбаев
- ramuk_b
- 2 мам 2017
- 6976
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Рақымжан Қошқарбаев, ұлы жеңіс батырлары
Ұқсас жаңалықтар:
Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982)
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым...Хиуаз Доспанова
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46 - гвардиялық полкінің құрамында 300 - ден астам әуе...9 мамыр тәрбие сағаты сценарий
Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі...Қос жұлдыз
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін...Қазақстан Қарулы күштеріне 20 жыл
Жұлдыз Шарипова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.