Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары арасында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында тағылымы мол кураторлық сағат өткізілді.
Қазақ халқы ұрпақтың саналы да білімді азамат болып дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтары арқылы жүзеге асырып, тәрбиелеп келеді.